//

Елімізде Мәжіліс және Мәслихат депутаттарын сайлау басталды

1364 рет қаралды
фото: Орталық сайлау комиссиясының сайтынан

Қазақстандық сайлаушылар қаңтардың 10-ында ҚР Парламенті Мәжілісі және Мәслихат депутаттарын сайлау басталды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша еліміз көлемінде 10011 сайлау учаскесі жұмысын бастаған. Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы  1-қазандағы мәліметі бойынша Қазақстанда 11,8 миллион сайлаушы тіркелген. Сайлау барысын нақты қанша адам бақылайтындығы жөнінде ақпарат жоқ. Дегенмен, www.vlast.kz сайтының мәліметі бойынша,  сайлау барысын бақылауға билікке бүйрегі бұратын ұйым өкілдеріне көбірек басымдық берілген. Сайлауға бір ай уақыт қалғанда Орталық сайлау комиссиясы арнайы Қаулы шығарып сайлау барысын бақылаушыларды шектеп тастады. Мәселен, бұрын сайлау барысын әркім бақылай алатын болса, енді олай болмайды.

Сонымен сайлау барысын кімдер бақылай алады?

Саяси партия атынан ресми тіркелген үміткер атынан;

Жарғысында сайлау барысын бақылау туралы арнайы бап енгізілген қоғамдық ұйым өкілдері;

Журналистер: алайда сайлау учаскесінен видео материалдар түсіруге болмайды;

Онлайн трансляция жүргізуге тыйым салынады.

Сайлауға бес саяси партия қатысып жатыр. Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің саны – 312, мәслихат депутаттығына үміткерлер –  842.

Мәжіліске саяси партиялар атынан – 98 депутат сайлануы тиіс, тоғыз депутат – Ассамблеядан сайланады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар