Сайлау қорытындысымен келіс, келіспе, сайлау өтті. Орталық сайлау комиссиясы алдын ала қорытындыларды жариялады. Қазақстандық бақылаушылар сайлау барысындағы кемшіліктерді тізбелеп айтып жатыр, ал халықаралық бақылаушылар не дейді? Олар кім еді?
Шанхай ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары Қазақстандағы Парламент Мәжілісіне сайлау заң талаптарына сай, сайлау нәтижелеріне әсер ететіндей заң бұзушылықтар болмады деген мәлімдеме жасаған.
“Миссия Қазақстандағы сайлау Сайлау заңнамаларының талаптарына және халықаралық қауымдастық алдындағы міндеттемелеріне сай өтті әрі сайлау нәтижесіне әсер ететіндей заң бұзушылық болмады деп есептейді”, – деп жазады бұл туралы РИА Новости.
Миссия сайлау шынайы әрі демократиялық түрде өтті, оның заңдылығы ешқандай күмән тудырмайды деген пікірде. Сондай-ақ, миссия елде саяси бәсекелестіктің қалыптасқандығына назар аударған.
Парақшамызға жазылыңыз