////

Мінбердің мінбесінде: Журналист болу қиын, бірақ қызық (видео)

7418 рет қаралды

“Мінбер” ақпарат агенттігі Жамбыл атындағы Жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп “Мінбердің мінбесінде” жобасының кезекті кездесуін ұйымдастырды. Жобаның екінші отырысы жұма күні, 12 ақпанда өтті.

 

Тақырып “Журналист болу оңай ма?” деп аталды. Спикерлер: «Ақжелкен» журналының бас редакторы. Белгілі спорт комментатор, журналист Есей Жеңісұлы. «Minber.kz» ақпарат агенттігінің журналист-редакторы, медиа тренер, медиа сыншы Риза Исаева. «Русское радио Азия» радиосының жүргізушісі, IT университетінің оқытушысы Аяна Габдуллина. «Internews Kazakhstan» медиасыншысы, танымал медиа критик, белгілі журналист Нәзира Дәрімбет.

Кездесу-сұхбатта мынадай тақырыптар қозғалды:

  • «Журналистикаға әркім әртүрлі жолмен келеді. Кәсіби журналистердің бұл салаға келу жолы қандай?»
  • «Журналистиканың қызығы мен шыжығы қатар жүреді. Тәжірибе кезінде ыңғайсыз жағдайға тап болған сәттен естелік»
  • «Журналистің миссиясы»
  • «Журналистік стандарт деген не және біздің қазақ журналистикасы қаншалықты стандартқа сай?»
  • «Қоғамның қазақ журналистеріне деген көзқарасы»
  • «Оқырман мағынасы төмен тақырыптарға қызығады. Бұл жағдайда журналистің әрекеті»

Жамбыл атындағы кітапханада өткен екінші кездесуімізде журналистер мен қоғам үшін маңызды мәселелер көтерілді. Спикерлердің бірнеше тақырыпқа қатысты өзекті пікірін назарға ұсынамыз:

Аяна Габдуллина:

– Қазіргі жас журналистер қоғамға, өскелең ұрпаққа пайдалы нәрсе бере ала ма? Пайдалы болу деген 1 сағат бойы бағдарлама жүргізу емес. Оны араластырып, әшекейлеп, әрлеп жеткізе білу қажет. Өз мамандығына сүйіспеншілік арттыру керек.

Есей Жеңісұлы:

– Батыс қоғамында әр адам 3 жыл немесе 5 жыл сайын жұмысын ғана емес, өмірін өзгертіп тұру қажет дейді. Мықты әскери адам қызметтен босатылғанда әскери журналист бола алады. Себебі барлығынан хабардар.

Кездесу барысында көрермендер журналистерге көкейдегі сұрағын қойып, жауап алды. Қатысушы Төлепберген Мәліков: “Қазақстан сөз бостандығы бойынша 180 елдің 157-орнында тұр. Алтынбек Сәрсенбайұлының кезінде 100-ге жуық оппoзициялық газет тіркелген деп оқыдым. Мемлекеттен қаржы алатын редакцияларың  үні неге құмығыңқы? Бұнымен қалай күрессек болады?” деген сауал қойды.

Назира Дәрімбет:

– Біздің сөз бостандығы бойынша 157-орында тұруымыз қалыптасып қалған жағдай. Оның елдегі саяси жағдаймен байланысы бар екені белгілі. Біз биліктің көрсеткен талай қысымынан өткенбіз. Журналистерге журналистер ғана емес, қоғам да қолдау көрсетпейді. Себебі халық қорқады. Митингке шықпай-ақ қойыңыздар, қарапайым петицияға қол қойыңыздар, әлеуметтік желіде пост жариялаңыздар. Бұның өзі қолдаудың бір түрі.

Риза Исаева:

– Медиасыншы ретінде “Хабар”, “Қазақстан”, “Еуразия” телеарнасына апталық сараптамалық бағдарламаларына шолу жасаймын. “Хабар” арнасына шолу жасағанда бағдарламаларды амалсыздан көремін. Бір сағаттық бағдарламаны көріп аяқтағанша жылағым келеді. Өйткені олар мемлекеттің ақпараттық саясаты дегенді тікелей түсінеді. Тіпті бұған олар да кінәлі емес. Егер президент туралы айтар болсаң, сенің сюжетіңде “президент” сөзі жүз елу мың рет қайталансын. Соны талап етеді. Алайда сендер жассыңдар. Сендерде креатив болуы керек. “Президент” сөзін сонша көп қолданып, соның астарында мәселені неге көтермеске?

Уақыт бөліп, сұхбатқа келген барлық спикерге алғыс айтамыз.

Толығырақ видеоға назар аударыңыздар:

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар