///

Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі: Вирустың үшінші толқыны келді, ол алдыңғысына мүлдем ұқсамайды

3101 рет қаралды
фото: zakon.kz

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы арнасында өткен тікелей эфирде айтты. Оның айтуынша 2020 жылдың шілде айында күніне 250-270 адам ковид жұқтырса, биыл наурыз айында ауырған адам саны екі есеге өскен. Сенбі күнгі статистика бойынша Алматы қаласында ковид жұқтырған адам саны 510 адамға жеткен.

Бұл жолы ауырған адамдардың көбі симптомсыз емес, керісінше көбінде симптом бар әрі ол шілде айындағы симптомға ұқсамайды. Жаңа штамдағы вирус Ухань вирусынан әлдеқайда тез жұғады. Оның айтуынша 17 наурызда жансақтау бөлімінде ковидпен ауырған адам саны 57  болса, қазір жансақтау бөліміндегі адам саны 100-ден асады.

Дегенмен, мегаполис әкімі жағдай қиын болғанымен денсаулық сақтау саласының қиындықты еңсеруге дайын екенін айтты.

https://fb.watch/4wp5Kxw9-s/

ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУХАНА РЕТІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Былтыр салынған үш модульдік ауруханадан бөлек ковидке шалдыққан қала тұрғындарын Орталық клиникалық аурухана мен 1  қалалық аурухана да қабылдайды. Ал оларға жоспарлы түрде қаралуы тиіс өзге сырқаттар басқа ауруханаларға жіберіледі.

Осы эфирде қала әкімі кейінгі кезде Алматы қаласы тұрғындарының көбінің бетперде тақпай жүргенін айтты. Дегенмен қаланы жабу жоспарда жоқ екен, бас санитардың 20 наурыздағы Қаулысына сәйкес шектеу шаралары 12 сәуірге дейін созылды. Эпид ахуалға сәйкес оған тиісті өзгертулер енгізіледі.

Бақытжан Сағынтаев осы эфирде әлеуметтік желіде жарияланған жедел жәрдем көлігінің кезекте тұрған суреті жайлы айтты. Оның айтуынша мұндай кезек бір рет қана болған, қазір кезекші бөлімдер жедел жәрдем көлігін ауруханалардағы бос орынға қарай жүйелеп, кезекті ретке келтірді. Қазір дәл суреттегідей кезек жоқ.

Қала әкімінің айтуынша мониторингтік топ қала бойынша санитарлық талапты бұзған 345 мекемені анықтаған болса оның 222-сі кафе мен мейрамханалар екен.

Тікелей эфир барысында Бақытжан Әбдірұлы қала әкімшілігінің бір жыл бойы вирустың қимылына қарай шектеу шараларын енгізу бойынша тәжірибе жинап, барынша эпид ахуалды реттеуге күш салып жатқанын айтты. Алайда, қала ішіндегі сауда орталықтары мен мейрамханалар жабық болғанымен қала тұрғындары облысқа қарайтын Алматыға жақын сауда орталықтары мен мейрамханаларға баруын тоқтатпай отыр. Бұл да эпид ахуалды ушықтырып отыр, – деді.

Парақшамызға жазылыңыз

Назым Дутбаева

2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп, 2000-2002 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
2002-2005 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 2005-2006 жылдар аралығында Қазақстан телеарнасында редактор, 2007-2018 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім редакторы болып қызмет атқарды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар