///

  Грэммиді қазаққа, қазақты Греммиде таныстырған  Иманбек

1566 рет қаралды
ФОТО: © Sputnik / Абзал Калиев

Әлемдегі заманауи музыка тыңдаушылары 20 жасар қазақ жігіті Иманбек Зейкеновтің дарынын бір-ақ күнде мойындады. Оған себеп Иманбектің музыка саласындағы ең атақты премия Грэмми сыйлығына ие болғандығы. 

Америкалық рэпер Сэйнт Джонның «Roses» композициясына жасаған ремиксі үшін Грэмми сыйлығын алған жігіт бұл жүлдесі арқылы қазақ қоғамына өзін де Грэмми сыйлығын да таныстырды десек артық айтпаймыз.

Бұрын теміржолда жұмыс істеген Иманбек музыкаға жастайынан қызыққан. Ал өзін әлемге әйгілеген ремиксін 2019 жылдың 21 наурызында жазыпты. ALIBEKOVKZ ютуб каналына берген сұхбатында Иманбек Грэмми туралы онша білмегенін айтады. Оның ремиксін Грэммиге ұсыну жайында менеджері Кирилл айтқан екен.

Қазір Иманбек Павлодар қаласы С.Торайғыров атындағы университеттің 1 курсында оқиды. Білім алумен қатар әлемдегі танымал әншілермен музыка жазады. 12 ақпанда Иманбек британдық әнші  Rita Ora –мен жаңа мини-альбом жазып шықты.

«Грэмми»  – Америкалық дыбыс жазу академиясының премиясы. Ол АҚШ  дыбыс жазу қауымдастығының бастамасымен 1958 жылдың 14 наурызында құрылған болатын. Бүгінгі күні музыка индустриясындағы  ең абыройлы бұл марапат кино индустриясындағы Оскармен теңеседі.

Парақшамызға жазылыңыз

Назым Дутбаева

2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп, 2000-2002 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
2002-2005 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 2005-2006 жылдар аралығында Қазақстан телеарнасында редактор, 2007-2018 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім редакторы болып қызмет атқарды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар