//

«Мән бер» жобасы өз жұмысын бастады: Сіз орамалмен ұйықтайсыз ба? қоғамдағы стереотиптерді қалай жеңеміз?

8436 рет қаралды

“Мән бер” жобасы қоғамдағы кейбір топ адамдарына (орамал тағатын қыздар, егіздер, шетел азаматына үйленгендер, 40+ жастағы оқу оқып жүргендер т.б) қоғамның қандай сұрақты көп қоятынын анықтайды. Бұған кейіпкерлер қалай жауап беретінін, қандай ыңғайсыз/орынсыз сұрақ қоймау керек екенін көрсетеді.

Алғашқы қонағымыз – орамал тағатын қыздар. Қоғам оларға қандай сұрақты көп қояды деп ойлайсыздар? Орамал тағатын қыздардың жауабы қандай? Бұл туралы қыздардың өзімен әңгімелестік. Тақырып қызық болса біздің алғашқы видеомызды көруге кеңес береміз.

Алғашқы сұқбатымызда мына тақырыптар көтерілді:

Қоғам қандай сұрақтарды жиі қояды?

Мұндай сұрақтарға қалай жауап бересіз?

Қоғамның орамалға деген көзқарасы қандай?

Қандай сұраққа мүлдем жауап бермейсіз?

Қатты ыңғайсызданған жағдай.

Қоғам сізді қалай қабылдағанын қалайсыз?

Қонақтар өзінің жеке шекарасына қатысты көп сұрақ қойылатынын және бұл сұрақтарға жауап бергісі келмейтінін айтты:

Диана Яшева: – Намазды қашан бастадың? Хиджабқа қашан келдің? Өкінген кезің болды ма? Құрбыларыңа қарап жастай хиджаб кигеніңе өкінесің бе? 

Айдана Қазиева: – Сүйретіп, даладағы шаңның бәрін жинап орамалдың не керегі бар? Неге арабтар секілді тағып алғансың? Жас емессің бе?

Нұрлы Абай: – Таразда орамал тағатын қыздар аз болғандықтан, қызығатындар көп. Әжетханаға осылай кіресің бе? Басыңды жуасың ба? Шашыңның түсі қандай? Кімді алдап жүрсің, несіне киесің бәрібір қайда болсаң да көреді ғой

Аяулым Рапбаева: – Күлкілі сұрақтар қояды. Орамалмен ұйықтайсың ба деп сұрағандар болды. Аяулым, сенің шашың бар ма осы? Бірақ ол кісілер түсінбегеннен кейін барынша түсіндіруге тырысамын. Орамалмен ұйықтамаймыз, кәдімгі қыздар секілді әке-шешеміздің көзінше шашпен жүреміз деп жауап беремін.

Өзге сұрақтардың жауабын білу үшін YouTube арнамызға өтіңіз:

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар