//

Депутаттың баласы сан соқтырды дейді Алматы тұрғыны Алтынай. Алайда сот ісі баяу жүріп жатқан көрінеді

1678 рет қаралды

Инвестор болып, ірі кәсіпте пайызыңды алып отыру сауаты бар әр адамның мақсаты ғой. Алайда алаяқтарға жем болып қаламын деп екі ойласа түске кірмейтін кинода ғана көретін картиналар шынайы өмірде орын алғаны кеудеге үрей ұялатады.

Осындай шытырманды бастан кешірген Алтынай есімді алматылық  тұрғынның  бүгінгі халі жылатпаса қуантпайтыны сөзсіз.  Халықаралық компанияда 25 жылдай қызмет атқарып жиған тергені бір күнде алаяққа жем болған келіншектің  дәл қазір хостельді паналап, сот табалдырығын тоздырудан басқа амалы қалмаған.

8 жылдан бері сеніміне енген Олжас Сыдықов атты досының 257 миллионды қолды қылып, жалған келісімшарттармен алдап кеткенін айтып шырылдаған Алтынайдың өткенге өкінгеннен басқа амалы қалмағандай. Қырғызстаннан картоп өнімін әкеліп ірі сауда орындарына тарату арқылы қомақты табыс табуды көрсеткен шарттармен алдаған күдікті  Олжас бүгінгі күні қамауға алынған. Алайда тергеу істерінің баяу жүріп жатқандығы, ешқандай мүлкінің бұғатталмауы жәбірленушінің өзін де,  адвокатын да алаңдататынын айтуда. Күдіктінің әкесі белді азаматтардың бірі болғандықтан, Олжаспен де арадағы  сегіз жылдық таныстығымызға сеніп ақшаны еш ойланбастан қолына ұстатып едім,- дейді Алтынай бір сөзінде. Өмірлік жиғаным мен екі пәтерімнің ақшасы далаға кетті деп жан ұшырған келіншектің  бар өмірі сот орындаушылары мен тергеушілердің қолында десек артық айтқандық болмас. Материалдық шығынын өтеп, алаяқ жазаланса Алтынайдың да көңілі орнына түсері сөзсіз!

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар