//

opentender.kz сайты іске қосылды

1273 рет қаралды

2021 жылдың 20 сәуірінде “Прогресс ҮЕҰ” ҚБ жетекшісі Марал Абдреисов “Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін онлайн сервис әзірлеу» жобасы жұмыстарының нәтижесімен таныстырды.

Жобаның негізгі нәтижесі деп OpenTender.kz онлайн-құралының жасалуын айтуға болады. Бұл құрал журналистерге, атқарушы органдарға, сарапшылар мен Қазақстанның белсенді тұрғындарына мемлекеттік сатып алуға мониторинг жасап, сараптауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу ресми порталында мәліметтерді іздеу мен сараптау кезінде біраз қиындық туады. Оған мәліметтердің ауқымы үлкен болуы мен құрылымының күрделілігі себеп болып тұр (келісімшарттың деректері мен мәнін анықтау үшін әр шарттың сілтемесіне өту керек). Құралды жасаушылар сайтты жасау кезінде осы мәселені шешуге тырысқан.

Оның ішінде, сайтта деректерді іздеу және іріктеуге арналған қолайлы жүйе бар. Мемлекеттік сатып алудың ресми сайтымен салыстырғанда сайт келісімшарттың нақты бөліктері бойынша іздеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі күні сайтты жасаушылар мәліметтерді сараптайтын төрт модульді ұсынды:

  • Бағаларды сараптау – келісімшарттың жүзеге асырылған бөліктері бойынша іздеуге көмектеседі
  • Жылдам сатып алу – өткізілген барлық сатып алу мен қай хабарландырудың қай уақытта жеңіске жеткенін нақты уақытпен көрсетеді
  • Қосымша келісім – тауар немесе қызмет құны алғаш айтылған бағамен салыстырғанда қанша есе артқанын көрсетеді
  • Қатысушылар бойынша фильтр – сатып алуға қатысушы (тапсырыс беруші немесе жеткізуші) туралы толық ақпаратты ұсынады.

Сондай-ақ сайттан,  Todo List парақшасынан жобаны жасаушылар тобы қазір қандай жұмыспен айналысып жатқанын көруге болады. Кез келген адам жоба үшін пайдалы деп есептеген міндетті қоя алады. Мұндай жаңалық жобаның белсенді дамып жатқанын және аудитория үшін бұдан да қолайлы құрал жасау үшін ұсыныстарды қабылдауға дайын екенін түсінуге көмектеседі.

Жобаның мақсатты аудиториясы – зерттеуші-журналистер, жемқорлыққа қарсы күрес мекемелерінің қызметкерлері, сатып алумен айналысатын мемлекеттік органдар, және қаражаттың қайда жұмсалып жатқанын түсінгісі келетін кез келген қарапайым азамат.

Онлайн-конференция қатысушылары жобаға жоғары баға беріп, сарапшылар қоғамы, БАҚ және мемлекеттік органдар бұл құралды белсенді түрде пайдаланады деп үміттенетіндерін жеткізді.

Порталмен  opentender.kz сілтемесі арқылы өтіп, танысуға болады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар