/////

Саны бар, сапасы жоқ интернет. Талдықорған қаласының іргесіндегі ауылдың жыры

2513 рет қаралды
фото: nastroyvse.ru

Интернет – тәжді тажал келгелі біздің жұтатын ауамызға, көретін күнімізге айналды. Талдықорған қаласының іргесінде орналасқан Матай Байысов ауылының тұрғындары интернеттің әлсіздігін айтып шағымдануда. Жылдамдығы баяу интернет балалардың білім алуын тежейді дейді ашынған ауыл тұрғындары. Мінбер тілшісі Байысов ауылына барып, онлайн оқу қалай өтіп жатқанын біліп қайтты.

«Бұл ауылда интернет жоқ. Интернет тұрмақ байланыс жоқ.Балалар сабақ оқи алмайды. Сөйлесу үшін тауға, биікке шығу керек. Онлайн оқу басталғалы интернеттің жыры мүлдем көбейді» дейді ауыл тұрғыны  Ержан Құрманғазы.

«Бізде байланыс жоқ, интернет нашар. Балалар әбден ашулы  болып бітті. Білім нөл, себебі ешқандай тапсырма, ешқандай келген хат ашпайды» дейді ауыл тұрғыны Нугманов Айдын

«Интернет жоқтың қасы. Үйді үйге әкеліп Wifi қойған. Бірақ пайдасы шамалы. Ауылда керек десеңіз Tele 2, Altel байланыс жүйесі мүлдем ұстамайды. Ал Актив, Билайн жүйесі бір жерде ұстап, бір жерде ұстамайды. Ауылдың алдындағы тауға вышка орнатып берсе болды. Талай арыз бердік, бірақ нәтиже жоқ» дейді ауыл тұрғыны Сертайұлы  Мағай.

Онлайн оқудың басты талабы –интернет. Интернетсіз білім алу мүмкін емес.  Білім алу мектеп оқушыларына қаншалықты қиынға түсіп жатқандығын білу үшін Байысов  ауылына қарасты Рүстембеков атындағы орта мектептің маманына жүгіндік. Мектеп өкілі аты-жөнінің құпия болып қалуын сұрады:

«Біздің ауылда иә, интернет ұстамайды. Ауыл тұрғындары интернетке кіре алмайды, дегенмен де онлайн оқу басталғалы оқушылар үшін мүмкіндік жасалып жатыр. Е және 3 G ұстайды. Ал Модем Роутеры бар үйлерде интернет жақсы ұстайды. Мектепте интернет бар. 2020-2021 оқу жылының басында ауданнан қаражат бөлініп, мектепке интернет орнатылған. Ал әр оқушы Билайн Модем Роутерлар арқылы сабақ оқиды. Аудан орталығынан көп балалы отбасыларға деп 11 модем роутер берілген. Және оған қосымша «Балапан» , «Қазақстан» телеарналары ұстайтын антенналар берілген. Ұстаздарда Модем Роутер арқылы интернетке шектеусіз кіреді. Күнделікті тексеріс толығымен жүріп отырады. Оқушылар сабаққа толық қатысады, себебі бәрінде Whatsapp әлеуметтік желісі бар. Жасыратыны жоқ Теле 2, ALTEL ұялы байланыстары мүлдем ұстамайды. Ал Билайн және Актив байланысы белгілі бір нүктелерде ұстайды» дейді құпия тұлға.

Иә интернеттің барын айтқан мектеп өкілінің сөзін тыңдап қайтқан Мінбер тілшісі дәл осы Рүстембеков мектебінің шәкірті, 10 «а» сынып оқушысы, Мақатхан Ералматпен сөйлесті. Шәкірттің де айтары бар…

«Онлайн оқудың біршама қиындықтары бар. Мәселен интернет. Интернеттің дұрыс істемеуі оқуымызға үлкен кедергі келтіреді. Біз осы интернетті жақсартуды сұраймыз» дейді шағымы бар шәкірт.

Мінбер тілшісінің сұрағына Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылдық  округі әкімінің орынбасары С.Оналбаев жауап берді

«2020 жылғы Қарабұлақ ауылдық  округінің әкімінің кезекті есеп беруі  барысында М.Байысов ауылының тұрғындары  интернеттің жоқтығын  айтып  шағымданды. Біз оны назарға алып, тиісті мекемеге хат жолдадық.  Ескелді ауданы бойынша интернетпен қамтылуына Текелі, Ескелді ЖТЦ бөлімі жауапты» дейді әкім орынбасары.

«Бүгінгі күні РТД «Алматытелеком» Байысов ауылы бойынша қызмет көрсету мүмкіндігі шектеулі  екенін мәлімдейді» дейді Текелі, Ескелді ЖТЦ бастығы Мырзахметов С. Б.

Арайлым Нұржанқызы, 

Алматы облысы, 

Ескелді ауданы

P.S. Редакция өз тарапынан Ескелді би ауданының пандемия басталған 2020 жылдың Наурыз айынан күні бүгінге дейін интернетке қанша қаржы жұмсағанын Мемлекеттік сатып алулар порталынан іздеп көрген еді. Ескелді ауданы Білім бөлімі осы уақыт аралығында 50 миллионнан астам теңге жұмсаған. Ең ірі өнім беруші “Қазақ телеком” АҚ. Бұл мекемемен Ескелді ауданы Білім бөлімінің 13 келісім шарты бар. Оның тоғызы орындалған, қалған төртеуі әлі әрекет етеді. Барлық қызмет ауданда интернет қызметін жақсартуға арналған. Барлық келісімнің құны – 19 миллионнан асады.

13 миллионнан астам теңгенің төрт келісім шартын жасаған “ASTEL” (АСТЕЛ) акционерлік қоғамы да білім беру мекемелері үшін талшықты-оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ) бойынша интернетке қолжетімділікті ұсыну қызметтерін мойнына алған.

Келесі ірі өнім беруші “Full Lighting Star” ЖШС. Бұл компаниямен Ескелді ауданы Білім бөлімінің 10 миллион 755 мың теңге тұратын бір келісім шарты бар. Шарттың  қысқаша мазмұны “Алматы облысы Ескелді ауданының білім беру мекемелері үшін WIFI және ЛВС сымсыз желілерін орнату және күйге келтіру бойынша монтаждық жұмыстар” деп аталады.

Төмендегі кестеге назар аударыңыз:

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар