19 сәуір күні Орал қаласында 30 жасар әйел адам күйеуінің қолынан өлім құшты. Әйел 18 рет пышақталған. Артында 6 және 8 жасар балалары жетім қалды. Ерлі-зайыптылардың ажырасқанына қарамастан, күйеуі әйеліне зорлық көрсетуді жалғастыра беріпті.Облыстың ішкі істер департаментінің мәліметі бойынша, отбасындағы зорлық-зомбылықты жою үшін қабылданып жатқан шараларға қарамастан, соңғы 3 жылда, яғни 2018 жылдан бері өңірдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы қылмыс динамикасы өсіп отырғаны байқалады.
- 384 құқық бұзушы ӘҚБтК 73 бабына сәйкес (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) жауапқа тартылса (2020ж. -355, +8,2%);
- 2401 құқық бұзушы ӘҚБтК 440 бабына сәйкес (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік жауапкершілікке тартылған (2020 ж. -2778, -13,3%);
- 843 азаматқа қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаумен қорқытқаны үшін қорғау нұсқамалары шығарылып (2020ж. -746, +13%);
- 136 қатысты ерекше талаптар (2020ж. -124, +9,4%) белгіленген, құқық бұзушылардың мінез-құлқы мен өмір салтын бақылау, оның құқық бұзушылықтарды қайталауының алдын алу мақсатында олардың мінез-құлқына ерекше талаптарды белгілеу туралы соттарға өтініштер берілген.Сонымен қатар, әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсету үшін Дағдарыс орталықтарына 96 тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленуші жеткізілген, олардың ішінде 41 жәбірленуші уақытша тұру үшін орналастырылған (13 әйел адам, 1 ер адам және 27 бала).