Қазақстандық Ninety One тобының мүшесі Азамат Ашмақын (ACE) TC Candler The 100 most beautiful faces 2021 (100 ең әдемі бет-әлпет) рейтингінде үміткер атанды. Топ фандомы Eaglez Азаматты 3 жыл бойы осы рейтингке ұсынып келген. 2021 жылы 19 мамыр күні рейтигтің ресми instagram парақшасы TC Candler ACE-ті үміткер ретінде жариялады.
2021 келбеттері рейтингіне ілігу оңай емес. 100 ең әдемі бет-әлпет иегерлерін анықтау үшін TC Candler YouTube арнасындағы ерлерге және әйелдерге арналған видеоларының астында өзің ұсынғын келетін адамды пікір ретінде қалдыру керек. Жиналған пікір, дауыс, ұнату белгілері арқылы үміткерлер TC Candler instagram-ына жарияланады. Әділқазылар үміткерлердің ішінен ең әдемі деп танылған 100 адамды рейтингке еңгізеді. Жыл сайын өзгеріп отыратын бұл рейтинг әлем бойынша өте танымал. Тізімге енген адамдар да көп назарға ілігетіні белгілі. Осылайша қазақстандық Q-popбағытының негізін қалаушы Ninety One тобының келбеті, қазіргі лидері Азамат Ашмақын аталмыш тізімге ілугішілердің арасында үміткер болып отыр. Қолдау білдіру үшін мына сілтемеге өтіп, ұнату белгісін қойып, пікір қалдыру жеткілікті. Атап өткеніміздей, топ жанкүйерлері Eaglez Азаматтың бұл тізімге үміткер болуының өзін 3 жыл күткен. Ұсыну үшін түрлі толқындар жасап, әртүрлі тәсілдермен дауыс беріп пікір жинаған. Мира, weloveninetyone фан-парақшасының әкімгері:View this post on Instagram
- 2018 жылдың аяғынан бастап Эйсті ұсына бастадық. 2019, 2020 жылдары қарқынды ұсындық, бірақ, номинант ретінде шығармады. Міне, осы жылы сәті туыпты. Бұл әлемдік деңгейдегі парақша, оның бетіне Қазақстаннан Димаш Құдайберген, Айя Шалқар шыққан. Енді міне Эйс те орын алып отыр. Бұл үлкен еңбек пен табандылықтың, жанкүйерлердің еңбекқорлығының жемісі. Бұл парақша бетіне көріп тұрғаныңыздай қалаған адам шыға бермейді. Шықса, басқа шетел адамдары қызығушылық танытады. Солай қазақстандық топқа назар аудартамыз. Ninety One-ның шығармашылығымен таныса бастайды. Қиындақтарына келер болсақ, Азаматты бұл рейтингке ұзақ уақыт бойы ұсындық. Көбі сенбей, сағы сынып жатты.
Ажар Туралиева
Парақшамызға жазылыңыз