Қазақстан тарихында алғаш рет ҚБТУ студенті Аружан Аманбаева Global Student Entrepreneur Awards халықаралық сыйлығының финалында жеңіске жетті. 38 елден 1600 жұмыс қатысқан жарыс финалына Мексика, Танзания, Канада және Доминикан Республикасынан келген қатысушылар жеткен. Бұл байқауға Қазақстан және ТМД тарихында алғаш рет қатысқан Аружан өзінің «The Soul Education» бизнес-жобасымен «The Social Impact Award 2021»сыйлығын жеңіп алды.
Аружан Аманбаева 19 жаста, ол Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенті, жас кәсіпкер және «The Soul Education» (тәрбиелі жандар) мектебінің негізін қалаушы.
«The Soul» мектебі туралы ой Аружанға 2018 жылы келді. 11 сынып оқушысы бола тұра ол Қазақстандағы құм терапиясы бойынша алғашқы білікті оқытушы болды. Бұл терапия бала кезінде Даун синдромы диагнозы қойылған Аружанның ағасына жақсы әсер еткен. Терапия тірек-қимыл жүйесін, көру қабілетін жақсартып, зейінді шоғырландырады. Бұл туралы естіген ерекше балалардың ата-аналары Аружанға жүгіне бастады.
Құммен емдеу барысында Аружанның командасы әлем елдерінің кәсіби менторларымен бірге жұмыс істеді. Олар ми мен құм терапиясы арасындағы байланысты зерттеді, нәтижесінде жобаның мақсаты анықталды. Мақсат – барлық балалар дамып, көп нәрсені үйреніп, денсаулығын жақсартуға мүмкіндік беретін инклюзивті, қауіпсіз, сенімді экожүйе құру.
«Мен үшін әлемнің 1600-ден астам кәсіпкері қатысқан 38 елдің арасындағы жарысқа Қазақстанның атынан алғаш рет қатысу үлкен мәртебе. Мені әлі күнге дейін эмоцияға толы күйде отырмын. Хабарландыру кезінде басқа елдерден қатысқан замандастарым үшін шын жүректен қуандым, ал Қазақстанның аты аталғанда өз құлағыма өзім сенбедім. Жақын араласып, достай болып кеткен қатысушылар қоңырау шалып, құттықтай бастады», – дейді Аружан.
Ал жобаны ұйымдастырушылар The Soul жобасымен Қазақстан өзінің әлемдік бизнестегі маңыздылығын дәлелдей алды, – деп атап өтті.
«ҚБТУ» АҚ Ректор (Басқарма төрағасы) міндетін атқарушы, Маратбек Габдуллин, бұл оқу орны үшін үлкен жетістік екенін айта келе «Университетіміздің студенті халықаралық байқауда жеңіске жетіп, Қазақстанның туы трансляция экранында желбіреді. Мен студенттерімізді мақтан тұтамын. Шынында да, қазір бүкіл әлем таланттар үшін күресуде, ал Қазақстанда олар көп. Ең бастысы – тоқтамай тек қана алға ұмтылу!»,- деді.
The Soul Education – ТМД елдеріндегі психологиялық және физикалық ауытқуы бар балалардың денсаулығын жақсартуға арналған «құм терапиясы» курсынан тұратын жалғыз онлайн және офлайн мектеп. Жоба аясында Аружан ерекше қажеттілігі бар балаларға инклюзивті тәрбие беру, психологиялық жұмыс жүргізу, терапия жасау мәселелерімен жіті айналысады.
Алдағы 3 жылда Аружан командамен бірге ТМД нарығына шығып, «The Soul» мектебі мен қосымшасын халықаралық деңгейде дамытуды жоспарлап отыр. Қосымша арқылы «Еліміздің және бүкіл әлемнің балаларына көмектескім келеді. Егер болашақты жоспарлағымыз келсе ең алдымен балаларға қамқорлық жасауымыз керек. Бұған біз сіздердің қолдауларыңыз бен сеніміңізбен ғана қол жеткізе аламыз», – деді Аружан.
EO Global Student Entrepreneur Awards (EO GSEA) – колледжде немесе университетте оқып жүріп бизнесті игеретін және басқара алатын студенттер үшін ең беделді халықаралық байқау. 61 елден 15000-нан астам пікірлес көшбасшыларды қамтитын жоғары сапалы қолдау желісі. EO кәсіпкерлерге тәжірибе алмасуға және бірлескен оқыту арқылы өз мүмкіндіктерін толық ашуға көмектеседі. EO кәсіпкерлерге 1987 жылдан бастап трансформациялық өсуге қол жеткізуге қолдау білдіріп келеді және оның қатысушылар желісі бір-біріне жетістікке жетуге жәрдем береді.
EO & GSEA-ның ірі серіктестері: National Geographic, Disney+, Junior ChamberInternational (JCI) и тд.
Конкурс жеңімпаздарыныңы тізіміне сілтеме: https://gsea.org/2021-global-finals-winners/#14b/
Парақшамызға жазылыңыз