////

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін не істейміз?

4113 рет қаралды

Соңғы екі айдың көлемінде еліміздің түкпір-түкпірінен азық-түлік бағасының шарықтауы туралы ақпар тоқтаусыз жариялануда. Осыған орай, Үкімет қандай шара қабылдауда? Ол шаралар діттеген мақсатына жетіп жатыр ма? Бағаны тұрақтандыру мүмкін бе өзі? Ең ашындыратыны басқа емес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне кірген тауарлар бағасының қол жеткізбей тұрғаны. Бұл тізімге қандай тауарлар кіреді? 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 қаулысымен бекітілген тізбесіне сәйкес  келесі тауарлар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары болып табылады. Бұл туралы төменде келтірілген салыстармалы кестеден көре аласыз. Кестеде Орал қаласында 15 филиалы бар «Алтындар», 9 филиалы бар «Лидер» супермаркеттерінің бүгінгі таңдағы бағалары көрсетілген:

Тауарлар атауы Тауарлар бағасы, теңге
«Алтындар» супермаркеті «Лидер» супермаркеті
1 Бірінші сортты бидай ұны 414 (2 кг), 483 (2 кг)
2 Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) 159
3 Рожки (өлшеніп сатылатын) 242 (900 гр),

301 (1 кг), 525 (2 кг)

450 (2 кг)
4 Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын) 323, 391 (1 кг) 425 (1 кг)
5 Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын) 235, 237, 357, 427         (1 кг) 235 (1 кг)
6 Картоп 384, 410 359 (1 кг)
7 Асханалық сәбіз 633 433 (1 кг)
8 Басты пияз 174 175 (1 кг)
9 Ақ қауданды қырыққабат 122 108 (1 кг)
10 Ақ қант – құмшекер 295 (1 кг) 290 (1 кг)
11 Күнбағыс майы 713, 749, 840, 928, 940, 952, (1 л) 685, 840, 930, 950 (1 л)
12 Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) 2799, 2899, 3299, 3449 2100, 2300 (1 кг)
13 Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)
14 Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада 52259 (акция), 314, 395, 470 297, 420

(Тетра Пак қаптамада)

15 Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада 293 275
16 Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ 736, 1174 (акция), 1114 625
17 Тауық жұмыртқасы (I санатты) 483 (10 дана үй)

180 (10 дана акция)

240 тг (10 дана)
18 Ac тұзы (“Экстра” -дан басқа) 48, 52 470, 475
19 Сүзбе: майлылығы 5-9% 322, 651, 402 тг (180-200 гр) 307, 700, 750

Батыс Қазақстан облысының статистика департаментінің 18.06.2021 жылы жариялаған деректеріне сүйенсек  2021 жылғы қаңтар-мамырда (2021 жылғы мамыр 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда) облыстың тұтыну нарығындағы тауарлар мен қызметтердің бағасы 3,4%, мамыр айында – 0,7% өсті. 2021 жылғы мамырда азық-түлік тауарларының баға индексі 100,7% құрады. Нан өнімдері мен жармалар – 0,5%, алкогольді сусындар және темекі өнімдері – 2,3%, май және тоңмайдың, алкогольсіз сусындар – 3,2%, қант – 4,3%, картоп – 5,8% өсті. Жұмыртқа бағасы 3,7% арзандады.
2021 жылғы қаңтар-мамырда азық-түлік тауарларының бағасы 4,6% өсті, бұл нан өнімдері мен жармалар -1,2%, шұжықтар, ет өнімдері – 1,3%, сүт өнімдерінің – 2,1%, ет пен құс – 3,1%, балық және теңіз өнімдері – 4%, жемістер мен көкөністер – 8,2%, алкогольді сусындар және темекі өнімдері – 9,9%, жұмыртқа, қант, алкогольсіз сусындар – 10,1%, май және тоңмайдың – 11%, картоп – 28,5% өсті.

ӨҢІР БОЙЫНША АЗЫҚ-ТҮЛІКК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ҮШІН ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНУДА?

 Бұл жайында білу үшін Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының ресми ақпарат көздерінің мәліметтеріне жүгіндік. Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының 22.04.2021 жылы мәліметіне сүйенсек Батыс Қазақстан облысының әкімдігі күнбағыс майының бөлшек сауда бағасының литріне 624 теңге мөлшерінде шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы қаулы қабылдапты

Алайда дүкен сөрелерінлегі күнбағыс майының қазіргі таңдағы ең төмен бағасы 1 литр үшін 685 теңге, ең жоғарғы бағасы 952 теңгеге дейін жетіп отыр.

Бағаның екі айға жуық геометриялық прогрессияда өсуі тек Оралда ғана емес, Қазақстан бойынша тұтынушыларды да, кәсіпкерлерді де алаңдатуда, алайда бағаны тұрақтандырудағы іс мардымсыз, тіпті нәтижесіз десек те болады. Облыс көлемінде де бағаны реттеу саласындағы құзырлы ұйымдар тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша аталған шаралардан басқа қабылданған шаралар туралы ақпарат жоқ. Осы шаралардың өзі де тиімділігін дәлелдей алмай отыр. Осыған қарамастан, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің 2021 жылғы 18 маусымдағы мәлімдеуіне сенсек Қазақстанда жыл басынан бері 850 млрд теңгенің азық-түлік өнімі өндіріліпті

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 46,8% (213,8 млрд.теңгеге), тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 24,1%-ға (35,6 млрд. теңгеге дейін) өскен.

БАҒА ӨСУІН ТОҚТАТАР ЕМЕС

Азық-түлік өндірісінің өсуіне, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар көлемінің ұлғаюына да қарамастан азық-түлік бағасының өсуі тоқтар емес. Бұл туралы көкөніс дүкендері мен дүңгіршіктерінің иелері баяндайды.

Дүкен атауы мен өз есімін атамауды өтінген Орал қаласы Құрманғазы көшесінде орналасқан көкөніс дүкенінің иесі – «Мамыр айынан бастап баға күннен күнге өсуде. Себебін білмейміз, бірақ табысымыздан шығынымыз көп. Бағаны кім тоқтатады, жалпы тоқтату мүмкін бе? Оны да білмейміз» – дейді таусылып. – «Дүкенімізді ресми ашып, орынжайды жалға алып, салық төлеп отырмыз, заңға сәйкес жұмыс жасаймыз. Алайда, баға жағдайы қиын болып тұр. Мысалы, екі күн бұрын сәбізді көтерме сауда орындарынан сатып алу бағасы 450 теңге болған, біз сатылымға 480 теңгеге шығардық. Оның қалғанын шіріп кетпес үшін бүгін 400 теңгеге шығарамын. Мен шығын көремін, бірақ шіріп кеткеннен көрі шығынға қалсам да осылай сатайын. Өйткені адамдар алады. Ал, бүгін сол сәбіз бен қызылшаның сатып алу бағасы 550 теңге. Екі күн ішінде 100 теңгеге өскен. Сондықтан тіпті алмадым. Оны қаншаға қоямын? Бір мөшек сәбіз 50 килограмм болса, сол 50 килодан 5 килограмм жарамсыз болып шығады. Яғни, ол 2000 теңгеден астам шығын деген сөз. Біз 550 теңгеден алған сәбізді әрі кетсе 580 теңгеден қоямыз. Бұл жағдайда біз сатпай тұрып шығынға батамыз. Картошканы 270 теңгеден алдым, 290 теңгеге саттым. Біздегі баға ең төмен баға, осы айналадағы дүкендермен салыстырып көрсеңіз болады, бізден төмен баға еш жерде жоқ. Өйткені бұл ауданның тұрғындарының көбі үлкен кісілер, зейнеткерлер, оған қоса өзіміз жаңадан ашылдық. Мысалы, картошка, сәбіз, пияздан тіпті табыс көрмейміз десем болады, себебі Астрахандық картошканың 2 килосы құм болып шығады. Әр мөшектен 800 теңге пайда көруіміз керек, бірақ құмы мен жарамсызын алғанда, тек 300 теңге пайда көреміз. Пиязды бүгін 120 теңгеден алдым, 130 теңгеге қоямын. Оның ішіндеде пайдаға аспайтыны бар» – деп бар шындығын жайып салды қиналған жас кәсіпкер.

Осыдан кейін бағаларды салыстыру мақсатында Құрманғазы көшесіндегі жақын маңдағы дүкендерге бас сұқтық. Мұндағы баға жағдайы келесідей:

 

 

Тұтынушыларға да, кәсіпкерлерге де құзырлы ұйымдардың бағаны тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдануда, жұмыстар жүргізілуде деп сапалы суреттер мен құр ақпар бергеннен көрі бағаны тұрақтандыруда орындалуы, жүзеге асуы мүмкін істі қолға алып, нақты нәтиже туралы баяндағаны әлдеқайда пайдалы, әрі қуанышты хабар болар еді. Әзірге нақты істерге қарап емес, көкке ұшқан бағаларға қарап қана таңдай қағудан басқа амал жоқ.

 

Альфия Шамай, БҚО, Орал қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар