//

Кибербуллинг дегеніміз не?

6517 рет қаралды
постер авторы: Светлана Раздоба

Кибербуллинг дегеніміз сандық (digital) технологияларды пайдалана отырып жасалатын агрессивтік қудалау. Кибербуллинг әлеуметтік желіде, мессенжерде, ойын алаңдарында және мобильдік телефондарда жүзеге асады. Бұл нысанаға алған адамды қорқыту, ызаландыру немесе масқаралау мақсатында арнайы ұйымдастырылатын тәсіл.  

Мысалдары:

  • Әлеуметтік желіде жалған ақпаратты тарату немесе әлдекімнің ыңғайсыз жағдайдағы фотосын жариялау
  • Мессенджерлерде бопсалау немесе намысқа тиетін хабарламалар жіберу
  • Басқа адамның кейпіне ену және оның атынан ұятсыз хабарлама жіберу

Кибербуллинг бес критерийде көрініс табады: мақсатты, қайталамалы, өзара теңсіздік, анонимді түрде және бұқаралық сипатта.

Мақсатты түрде

Онлайн буллингті жасаушылар мақсатты түрде зиян келтіруді ойлайды. Кейде бұл тіпті ешқандай мақсатсыз да жүзеге асырылуы да мүмкін.

Қайталамалы

Кибербуллингтің ерекше қасиетінің бірі қайталануы. Қайталанған әрекеттер зорлықтың бір түрі, дегенмен Интернет арқылы бөлісілген ақпараттар оның түу бастағы зиянынан да бірнеше есе артық болуы мүмкін. Әсіресе бұл жеке суреттер мен ақпаратты кибербуллинг ретінде қолданған кезде байқалады.

Өзара теңсіздік

Кибербуллингтің тағы бір ерекшелігі өзара теңсіздіктің болмауы. Әсіресе буллинг қоғамдық орында жүзеге асса теңсіздік бірден көзге ұрады.

Анонимдік

Кейбіреулер шабуылды анонимді түрде жасауды жақсы көреді. Бұндай жағдайда зорлықшыл мен құрбан арасындағы өзара теңдіктің немесе теңсіздіктің болуының қажеті жоқ.

Бұқаралық

Кейбіреулер кибербуллинг жасау үшін жұрттың алдында, ашықтан ашық шабуыл жасауды жөн көреді. Әсіресе, бұл көпе көрінеу өзгені жұрттың алдында масқаралауға көшкен кезде байқалады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар