///

Этнограф Бұлбұл Кәпқызы: Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние

2548 рет қаралды

Қазақ халқының  ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды саласының бірі – қолөнер. Қолөнер өресі биік, өрісі кең өнер. Қазақ қолөнері өзінің төл тума бітім қасиеттерімен, көркемдік мән мағынасымен жеткен асыл қазынасы. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние,- дейді  этнограф, қолөнер шебері Бұлбұл Кәпқызы.  «Nomad» этноорталығының этнографы Бұлбұл ханым қазақтың ерекше өнері – терме теру мен ою ою туралы және киіз үйдегі әр заттың сіз бен біз білмейтін қызметі жайлы қызықты да керекті ақпаратпен бөлісіп, ұмытылып бара жатқан дәстүрлер жайлы әңгімеледі.

– Қазақтың қолынан шыққан әрбір жәдігері әрі құнды, әрі киелі. Және сол жасалған заттың өзіндік орны бар. Қазақ халқының қолөнерін, тіпті күллі өмірін оюсыз елестетуге болмайды. Дегенмен ою әркімнің өз қолданысына қарай ерекшеленеді. Себебі  әркім әр түрлі елестетеді. Тіпті кейбір шеберлердің өздеріне тән, өз қолтаңбасы танылып тұратын оюлары болады. Мысалы мен омыртқа тәріздес қошқар мүйізді көп қолданамын.  Бәрі өмірлік тә­жі­рибемен келеді. Қолөнер де бас­қа өнер сияқты, «талант бір пайыз, қалғаны еңбек». Адамды адам қылатын еңбек деген рас сөз.

Бала күнінен қолөнерге қызығып өскен Бұлбұл ханым қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен  оларды бастырмалау, тоқыма мен кесте, терме тоқу, киіз тоқу,  сияқты уақыт  пен төзімділікті талап ететін бірнеше өнерді анасы Егеухан Мұхамәдиқызынан үйренген. Байқап отырсақ, шебердің әрбір бұйымы аяқталмай, шашақталып кеткен. Себебі қазақ халқы ешбір дүниені түйіндемеген. Мұнын сыры, өнерім жалғасын тауып, ұрпағым өсе берсін-деген ниет дейді, қолөнер шебері   Бұлбұл Кәпқызы. Қазіргі таңда қазақ қолөнеріне қатысты  көріп біліп  үйренгенін    заманауи үлгіде дәріптеп келеді.

Парақшамызға жазылыңыз

Айғаным Айтақын

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. Ақын. Халықаралық, республикалық жыр мүшәйралардың жеңімпазы. Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Университетіндегі журналистика мамандығының білімгері.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар