Шілденің 8-11 күндері зум платформасында “Медиамашық дамыту” тақырыбында тренингі болып өтті. Төрт күнгі тренингтің негізгі тақырыптары медиа ақпараттық сауат, үгіт-насихат, ақпаратты манипуляциялау, ақпаратты тексеру, ашық деректермен жұмыс, фотоның, видеоның фейк екенін анықтаудың амалдары.
Медиа тренелерлер: журналист Әсем Жапишева, пиар маманы Гүлім Оразбаева, ІТ маман Данияр Мұқан және Оразай Қыдырбаевтар. Ұйымдастырушы Ғалымжан Оразымбет.
Интерньюс-Қазақстанның қолдауымен өткен тренинг бүкіл аудиторияға арналғанымен қатысушылардың басым көпшілігі журналистер болды. Журналистердің осындай бір ауқымды шараға сусап жүргенінің куәсі болдық. Тренинг соңында медиа этикасын талқыладық, осы талқылауда көкейімізде қордаланып қалған қаншама сауалдың бар екеніне көз жеткіздік.
– Он үш жылдан аса журналистика саласында жүріп, медиасауатымыздың төмен екенін енді біліп жатқан жайымыз бар. Бүгінгі медиасауатты арттыруға арналған тренингте БАҚ-ғы ғадауат тілі, дижитал гигиена туралы біраз ақпараттарға қанық болдық. Қазіргі хайп қуған заманда ғадауат тілін қолдану сәнге айналды ғой. Біздегі ақпараттық сайттар мен телеарналарда ғадауат тілінің небір түрін қолданады. Сонысы үшін өтімді. Бірақ оның соңы тұтас ұлт пен мемлекет үшін қауіпті. Өйткені, ақпараттық соғыс – мылтықсыз майдан. Ауыздан шыққан әрбір сөз атылған оқпен тең. Қысқасы, тегін сайттарға сенім жоқтығына, “нәзік ” сөзін де кез-келген жерде қолдана беруге болмайтынын біліп жатқан жайымыз бар.
– Бұл сабақ маған қатты ұнады. Соңына дейін сабаққа қатыстым. Журналистика бойынша үшінші курсты тәмамдадым. Негізі мақсатым жазда бос жатпай барлық сабақтарға қатыса берейін деп ойлап келген едім. Мұндай деңгейде жақсы білім аламын деп ойламадым.
Басында тест тапсырғанда 6 балл алып өзімнің қаншама нәрсені білмейтінімді түсіндім. Керемет талқылау болды. Пост-тест тапсырып нәтижемді көріп қуанып отырмын. Барлық сабақты скриндап алып, білмейтін дүниемді қайта оқып қарап алдым. Спикерлерді шын өмірде көрмесем де сырттай танитынмын. Осылай онлайн кездескеніме өте қуаныштымын.
Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.
Медиасауатты болу өте маңызды екенін түсіндім, – дейді Айбике атты қатысушы да.