Бүгін жалпы Қазақстан бойынша Ұлттық аза тұту күні. Бейбіт күннің батырлары, жау келмей оққа ұшқан қыршындарымыздың жаны жаннатта болсын. Ақын, халықаралық Алаш сыйлығының иегері Ғалым Жайлыбай ағамыздың қаралы Қазақстанға айтқан көңілін оқырмандарға ұсынғанды жөн көрдік.
29 тамыз: Ұлттық аза тұту күні
Соңғы жазбалар
Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында. Десек те, қалада үй салатын, ауылда мал жаятын жер
Қазақстандықтар долларға қатысты ұлттық валюта бағамын бақылап отырғанда, сарапшылар рубльдің теңгеге шаққандағы қатынасын көріп алаңдайды. Тенгенің
Қазақстан 2025 жылы 2 миллиард ағаш отырғызуды жоспарлаған. Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысында ағаштардың қалай егілгені
Фото: «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы «Мінбер» журналистерді қолдау орталығына – 15 жыл. Осыған орай Алматыда орталықтың
Фото: kff.kz 2022 жылдың ақпанында Әділет Бәрменқұлов Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды. Екі жылға жетер-жетпес
Бүгін Алматыда «Қазақстан» қонақ үйінің «Алтын Емел» конференция залында «Абай» баспасынан (директоры Ақберен Елгезек) жарық көрген
2024 жылғы 11 қарашада Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында журналистер мен ҚР мәдениет және
Осы 2024 жылдың екінші тоқсанындағы есепте Ұлттық статистика бюросы 451 мың жұмыссыз халық бар екенін анықтаған,
12 қарашада Астанада 20 шақты адам президент резиденциясы – Ақорда маңына жиналды. Бұл туралы Азаттық Радиосы
Ақсұңқар — Алтай тауларының жаңғырығын сүйреп жеткен орасан озани ақын қыз. Бұла Бұлғынның ұлпа құрсағынан туған
Зарла Ғалым
(Ғалым Жайлыбай: «Беліңді бу, қаралы Қазақстан!»)
Зарла Ғалым, зарламай, нетесің сен,
Сұм, зұлымдар күледі кекесінмен.
Қаруы жоқ қарымның қияар едім,
Сол сұмдарың бір-бірлеп жетесінен!
Отқа оранды тамызда қоныс ұлы,
Қандай пәле, шайтаннан ол ұшынды?
Көрге сыймай жатыр-ау күңіреніп,
Мың Міржақып,
Махамбет,
Момышұлы!
Көрген майлы жұртымның пайдасын көп,
Алып берер есесін қайдасың кек?
Сен іздейсің, Жайлыбай, Дәутайұлын,
Мен зарланам, Маралтай, қайдасың деп!
Зарла Ғалым, зарыңды Ел естісін,
Өршеленген шоқ үрлеп жел естісін!
Басқа қайғы, түскенде белге салмақ,
Іздейді екен, Арысын, Ел Естісін!
Зарла Ғалым!!!
Бақытбек Бәмішұлы, 28.08.2021ж.