//

Ауғанстандағы Қазақстан елшілігіне барып өздерінің этникалық қазақ екенін айтқан адамдар көбейген…

1404 рет қаралды

бұл туралы сыртқы істер министрілігінің өкілі айтты.

Ауғанстандағы жағдайға байланысты әлеуметтік желіде ондағы қазақтардың саны 10-20 мың екен деген жалған ақпарат тарап еді.

Бұл санның шындыққа сәйкес келмейтінін Сыртқы Істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Оның айтуынша Ауғанстанда 15 қазақ отбасы тұрады, жалпы саны 200-ге жуық азамат.

«Ауғанстандағы жағдайға байланысты ондағы этникалық қазақтардың мәлімдемесінен кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мүмкіндігінше тарихи отанына алып келуге ықпал етуді тапсырған. Бұл тапсырмаға сәйкес біз Кабулдағы Қазақстанның елшілігіне тиісті шара қолданылсын деген міндет қойдық. Біздегі бар ақпарат бойынша Ауғанстанда этникалық қазақтардың 15-ке жуық отбасы тұрады. Кейбір Қазақстандық ақпарат құралдары Ауғанстандағы этникалық қазақтардың саны бірнеше мыңды құрайды деп ақпарат таратқан. Ол шындыққа сәйкес келмейді. Сол себепті БАҚ-ның өкілдеріне ақпаратты мұқият тексеріп, алабөтен ажиотаж тудырмауға кеңес беремін. Біз өз міндетімізге сай тиісті жұмысты істеп отырмыз.

Соңғы бір-екі күн ішінде бірнеше азаматтардан жиналған топ Қазақстан елшілігіне барып өздерінің этникалық қазақ екенін айтып жатыр екен. Алайда, олар өздерінің қазақ екенін еш дәлелдей алмай отыр. Олардың кейбірі тіпті қазақша сөйлей алмайды әрі ата-бабаларының ол елге қалай барғанын білмейді, қандай туыстық жақындығы бар екенін айтып бере алмады. Біз этникалық қазақтардың елге оралу туралы өтініштерін мұқият қарап, жан-жақты тексеріп жатырмыз. Ол бір күннің жұмысы емес сол себепті сабыры болайық» деді.

Айта кетейік 18 тамыз күні кешкі сағат 17:00 де Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 адам мінген ұшақ Алматыға қонды. Оның 25-і Қазақстан азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ Қазақстан елшілігінің қызметкерлері бар.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар