//

Балуан Нұрислам Санаев – әлем чемпионын жеңіп жартылай финалға шықты. Қоңқабаев қоланы місе тұтты

1134 рет қаралды

Қазақстанның еркін күрестен 56 кг салмақ дәрежесіндегі балуаны Санаев Токио -2020 олимпиадасының жартылай финалына шықты. Ол ширек финалдық кездесуде 2017 жылғы әлем чемпионы жапондық Юки Такахашидан айласын асырып, жеңіп кетті.
Санаев күресу кезінде басының жарақатына, қасының жарылғанына қарамастан, басы мен қасын таңып алып, кілемге қайта шығып, намысты қолдан бермеді.
Нұрислам Санаев финалға шығуы үшін 2019 әлем чемпионатының қола жүлдегі индиялық Кумар Равимен кездеседі.
Бүгін сондай-ақ 86 кг салмақ дәрежесіндегі еркін күрес шеберлерінің сайысы өтеді, бірақ Қазақстан атынан ешкім шықпайды.

Токиодағы Олимпиада ойындарында бүгін бокстан 91+ кг салмақ дәрежесінде жартылай финал өтті. Бұл салмақта Қазақстан намысын бокстан құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев қорғаған болатын. Ол американдық Ричард Торреспен кездесіп, өкінішке қарай нокдаунмен ұтылып, финалға жете алмады.

Өзінен бойы аласа әрі теңдей қарсыласына Қоңқабаев бірінші раундтан-ақ  есе жібере бастады. Екінші раундта төрешілер тіпті ұпай санын қысқартып тастады. Соңғы раундта өткір соққы жіберіп, нокдаунға түсіп қалды. Торрес мойындау керек, үш минут бойы белсенді қимылдап, жиі шабуылдап тұрды. Ең соңында біздің боксшының қабағы жарылып, айқас тоқтады.

Сонымен Қамшыбек Қоңқабаев төртінші қола медальді Қазақстан қоржынына салды, ал американдық финалға шықты, ұтылған күннің өзінде күмісі бар.  Торрес финалда өзбек боксшысы Баходир Жалоловпен кездеседі.


Ендігі кезекте Қазақстанның бокстан құрама командасында жартылай финалда  тек 52 кг салмақ дәрежесінде Сәкен Бибосынов қалды. Оның қарсыласы британдық Джамаль Яфаи. Бұл кубалық боксшыны жеңген өте мықты қарсылас.

Ізбасар Қабиев

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар