///

Боксшы Бибосынов Олимпиада алтынына сәл таяп тұр… Сафиуллин медальсіз қалды

3569 рет қаралды

Токиода өтіп жатқан 2020 жылғы жазғы Олимпиаданың он бірінші күнінде қазақ боксшысы Сәкен Бибосынов ширек финалдық кездесуде 52 кг салмақ дәрежесінде жарысқа шықты.

Оның қарсыласы испаниялық  Габриэль Эскобар болды. Бірінші раундтан-ақ өзіне өте сенімді болып бокстасқан ол, қарсыласын тіпті нокдаунға да жіберіп үлгерді. Бірақ Эскобар да тез есін жинап, екінші раундты өз пайдасына шешті.

Әрі қарай жанұшыра айқасқан испаниялыққа Бибосынов өте жақсы төтеп берді. Екі боксшы да ашық жұдырақтасуға шығып, соңғы раундта бірін-бірі «жеді» десе де болады. Бірақ қорытынды есепте бәрібір біздің боксшы басым болып, жеңісті жұлып алды.

Осымен екінші қазақ боксшысы жартылай финалға шықты. Демек Сәкен Бибосыновтың үлесінде жеңіліп қалған күннің өзінде қола медаль тұр.

Ал финалға шығу үшін Сәкенді  британиялық боксшы Джамаль Яфаи күтіп тұр.

Өкінішке қарай сәкеннен кейін рингке шыққан 63 кг салмақтағы боксшымыз  Закир Сафиуллин ширек финалдық кездесуде ұтылып, медальсіз қалды.

Қазақ боксшысы Закир Сафиуллин бокстасу кезінде, Токио, 03.08.2021 ж.

Ол осы жолы австралиялық боксшы  Гарри Гарсайдпен кездесті. Бірінші раундта Сафиуллин 3:2 есебіен жеңсе,  екінші раундты төрешілер толығымен Гарсайдқа  берді. Шешуші үш минуттық айқаста да  австралиялық басым болып, жеңіп кетті.

Еске салып өтейік қазақ жанкүйерлері үміт күткен спорттың осы түрінен бокстан Қазақстан құрама командасынң капитаны 91 кг салмақ дәрежесінде Қамшыбек Қоңқабаев пен осы Сәкен Бибосынов қалды. Боксшыларымыздан кемінде бір алтын, бір күміс күтеміз.

Ізбасар ҚАБИЕВ

Атырау облысы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар