/

Асаба: Бір қауым ел баратын тойханада неге Ashyq жоқ?

1153 рет қаралды

27 қыркүйектен бастап еліміз бойынша «Ashyq» қосымшасында «қауіпсіз» мәртебесі бар келушілердің қатысуымен бірқатар іс-шара өткізуге рұқсат етілді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды. Іс-шараның арасында сіз бен біз көптен күткен «той-томалақта» бар. Атап айтқанда, еске алу және банкет, үйлену тойы, мерейтой т.б өткізуге рұқсат беріліп отыр.

“Жасыл” аймақта тұрған өңірлерде зал 50%-ке дейін ғана толуы керек, 100 орыннан аспауы шарт.

“Сары” аймақта да 50%-ке дейін, 70 орыннан аспауға тиіс.

“Қызыл” аймақта 50%-ке дейін, 50 орыннан аспауы керек.

Қуанышты жаңалықты жалпақ жұрттың қалай қабылдағанын білу үшін  Мінбер сайтының тілшісі сұхбат жүргізді

«Біз үшін ең маңызды дүниелердің бірі ғой той деген. Отбасы мүшелерінің, жалпы ағайын-туыстың бірігетін жері. Әрине қуанып қалдық естіп» дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Аяулым Қанатқызы.

«Иә,тойға рұқсат берілді. Естідік, бір адамдай-ақ қуандық. Асабалар бөріктерін көкке лақтырып жатыр. Бірақ шыны керек біз шағын тойларға барып жүрдік. Енді тойшыл қауым рұқсат берген сол екен деп қаптайды-ау. Бірақ мен қанша тойханаға бардым, бірақ Аsyq бағдарламасын көрген жоқпын. Бір қауым ел баратын тойханада неге Ashyq жоқ?» дейді Ансау дуэтінің әншісі, асаба Нұрасыл Серіков.

«Тойлатып үлгереміз, денсаулықты ойлаңыздар. Вакцина салдырмай қашып жүрген жандар, тойда ән салып, би билеп жүргенін көргенде қатты көңілім түседі. Неге жақындарын ойламайды?» дейді мейірбике Ләззат Әлімжанқызы.

Біз Алматы облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментіне хабарластық.

«Алматы облысында 9285 нысан “Ashyq” пилоттық жобасының қатысушылары болып табылады. Мониторингтік топ шағын және орта бизнестің 5622 субъектісін қамтып, қосымшаны дұрыс емес пайдалану фактілері анықталды, тиісінше жобаның 1106 қатысушысы “Ashyq”платформасынан шығарылды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректері бойынша 2021 жылғы 10 маусым мен 23 қыркүйек аралығындағында біздің облыс азаматтарынан санитариялық-карантиндік режимді бұзған 3433 адам анықталды. Оның ішінде, “қызыл” мәртебесі бар 2563 адам және “сары” мәртебесі бар 870 адам тіркелді.

“Қызыл” мәртебесі бар тұлғаларға қатысты 4 331 745 теңге сомасына 99 айыппұл салынды. Сондай-ақ, “сары” мәртебесі бар азаматтарға қатысты үй карантині шарттарын сақтау қажеттілігі туралы талаптары бар 320 қаулы берілді.» дейді Алматы облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің баспасөз хатшысы Алия Шагиахмет.

Мінбер сайтының тілшісі тойхана, мейрамхана иелеріне хабарласып көрді:

«Бізде ASHYQ істеп тұр. Қазір банкет қабылдаймыз, бірақ өзінің арнайы талаптары бар» деді «Теңіз-Хан» мейрамханасының әкімшілігі.

«Ashyq бар. Келген қонақтарға міндетті түрде бағдарламадан өту керегін жиі ескертеміз. Біз қазір 50- адамға дейінгі тойларды қабылдап бастаймыз» дейді «Астана» тойханасының әкімшілігі.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар