//

Мән бер: Егіздерге қандай ыңғайсыз сұрақтар қойылады?

7180 рет қаралды

«Мән бер» жобасы – кейбір топтарға қоғамның қандай сұрақты көп қоятынын анықтайды. Бұл екінші санында егіздермен сұхбат құрып, оларға қоғамның қандай ыңғайсыз сұрақ қоятынын анықтадық. Нәтижесінде біз күтпеген қызық жауаптар алдық. Екінші сұхбатта көтерілген тақырыптар мынадай:

00:23 Бала кездеріңізде ата-анаңыз сіздерді жиі шатастыратын ба?

01:48 Сіздерді әлі күнге дейін ажырата алмай қала ма?

04:03 Бір-біріңіз үшін не істеп көрдіңіздер?

06:49 Сіздерге қандай сұрақ қойса ұнамайды?

09:09 Сіздерді жиі салыстыра ма?

Егіздер өздерін жеке тұлға ретінде қабылдамайтынын, тек бірге көретінін айтты. Егіздер үшін бұл ыңғайсыз екен: 

Назиет: мектеп кезінде Ақниет мен үшін орыс тілінен тест жазып берді. Мен негізі орыс тілін жақсы білемін. Бірақ сол кезде не болғанын білмеймін. Ол кезде бізді ешкім ажырата алмайтын еді. Алайда бұдан кейін ондай жағдай қайталанған жоқ. 

Рамиль: бізді салыстыратын кездер болады. Мысалы, Шамиль, сен жарайсың, ал, Рамиль сен мүлде оқымайсың деген секілді. Уақыт өте келе бәрі әртүрлі өзгереді. Бірақ, біз екеуіміз де мықтымыз деп ойлаймыз.

Кәмшат: біз әрқашан әртүрлі киінуге тырысамыз, себебі бізді бір-бірімізге ұқсатқан ұнамайды. Сол үшін ылғи сырға, киім, аяқ киімді екі түрлі қылып таңдаймыз. Бірақ кейде соның өзін салыстырып кетеді. Осындай сұхбат, түсірілім кезінде немесе көңіл-күйлері көтеріңкі болғанда ғана бірдей киінеміз.

Бұдан өзге сұрақтардың жауабын You Tube арнамыздан тыңдай аласыздар.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар