/////

Медианың негізгі машықтары: Этникалық қақтығыс кезінде журналист ақпаратты қалай тарату керек?

3838 рет қаралды

Қыркүйектің 6-сында “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Медианың негізгі машықтары” мектебі өз жұмысын бастаған болатын.

Тренингтің үшінші күнінде қатысушылар ақпаратты дұрыс тарату, сөз бостандығы, конфликт жағдайдағы журналистің жұмысы жайлы кеңінен ақпарат алды.

Белгілі журналист, «Азаттық» радиосының тілшісі  Асылхан Мамашұлы: Этникалық қақтығыс кезінде журналисттің ақпаратты таратуы жайлы шеберлік сағатын өткізді. Асылхан мырзаның айтуынша журналистік кәсіпке келгеннен кейін этникалық қақтығыс кездерінде барынша сақ болу керек. Яғни ұлтыңды алға тартып, ұлтыңның сөзін сөйлей беретін болсаңыз онда сіз журналист емес, сол оқиғаның ішінде жүрген белсендіге айналып кетесіз. Және Қазақстанда бұндай қақтығыстар көп болмаса да араға 2-3 жыл салып қайталанып тұратындығын, сондай кездерде ақпаратты барынша шынайы таратып, журналист ретінде бейтарап түрде жеткізу керектігін айтты.

Шараға  Қазақстанның 20 қаласынан қазақ-орыс тілдерінде 50-ден астам адам қатысып жатыр.

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге аспақ.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар