Алматы облысының 26 жастағы тұрғыны Ардагүл Әскербекқызы үшем дүниеге әкелді. Үш қызды өмірге әкелген ананың мамандығы – журналист, Талдықорғандағы қоғамдық-саяси «Алатау» газетінің тілшісі.
Жас отбасының тұңғышы бес жаста, бір қыз екі ұл өсіріп отырған олардың отбасы үш сәбимен толықты.
Талдықорған қаласындағы облыстық перинаталдық орталықта таңертең сағат 10:10 шамасында туған сәбилердің салмағы – 1 кг 900, 1 кг 800 және 1кг 700 грамм. Қазір дәрігерлердің бақылауында
Шаңырағы шаттыққа бөленген жас отбасы ата-анасымен бірге тұрады.
Дереккөз: inform.kz
Парақшамызға жазылыңыз