////

Арон Атабек денсаулық жағдайына байланысты бостандыққа шықты

2129 рет қаралды

2006 жылғы “Шаңырақ” оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, 15 жылын түрмеде өткізген диссидент, ақын  Арон Атабек денсаулық жағдайына байланысты бостандыққа шықты. Ақпарат Sud.kz сайтында жарияланды.

https://pvl.sud.kz/kaz/news/baspasoz-relizi-10

«2021 жылдың 01 қазанында Павлодар қ. №2 сотымен «АП-162/1 мекемесі» РММ-нің Арон Едигеевке қатысты, оның науқастануына байланысты бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаның түріне ауыстыру туралы ұсынысы қаралды.

Сотпен анықталды: Сотталушы келесі емделмейтін аурумен ауырады: «М50.0. Омыртқаның мойын бөлігі омыртқааралық дискісінің миелопатиясымен зақымдалуы (G99.2).  М50.1. Жұлынның мойын бөлімі деңгейіндегі дегенеративті – демиелинизирлеуші ауруы және т.б. Осы ауру Қазақстан Республиасының  Ішкі Істер Министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы №530 бұйрығымен бекітілген науқастануына байланысты жазасын өтеуден босатудың негізі болып табылатын сотталғандардың аурулар Тізбесіне кіреді.

Сот шешімі: Заң талаптарына сәйкес, (ҚК-тің 75 бабының 2 бөлігі), өмір бойына бас бостандығынан айырудан басқа, жазаны өтеуге кедергi жасайтын ауыр науқастан зардап шегуші адамды сот жазаны өтеуден босатады немесе науқасының сипаты, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы, сотталған адамның жеке басы және басқа да мән-жайлар ескеріле отырып, жаза неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.

Заңда баяндалған мән-жайлар мен процесске қатысушылардың пікірін ескеріп, сотталған тұлғаға бостандығын шектеу жазасы 1 жыл мерзіміне пробациялық бақылау орнату мен міндеттерді жүктеуіне ауыстырылды. Сот шешімімен келіспеген жағдайда сотталған тұлға және процестің басқа қатысушылары апелляциялық сот сатысына шағым түсіруіне құқығы бар»- делінген  сот хабарламасында.

15 жылын түрмеде өткізген ақын бостандыққан шыққан соң Алматыға оралды. Бұл туралы Азаттық жариялады.

https://www.azattyq.org/a/31488148.html

Қамаудан босатылған Арон Атабек 1 қазан кешкісін Павлодардан Алматыға ұшып келді. Бұл туралы Азаттыққа Алма Аронқызы айтты.

– Әкеммен Алматыға қондық. Қазіргі тараптан бізді көлікпен алып кетеді. Әкемнің денсаулығы мәз емес, – деп қысқа қайырды Алма Аронқызы.

Арон Атабекті күтіп алуға Алматы әуежайына ондаған адам келген. Олар әуежайдан Арон Атабекті көреміз деп үміттеген еді. Бірақ ол келу залына шыққан жоқ. Осыдан соң Атабекті күтіп алуға келген жұрт сыртқа шығып, “Арон Атабек!” деп айғайлап тұрды. Бірнеше адам “Назарбаев режиміне сынбаған хас батырымыз, қош келдің” деген үлкен плакатты ұстап жүрді.

Кейін белсенділер Арон Атабектің үйінде отырған фотосын жариялады.

 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар