21 қазан күні Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте, карантин кезінде ауқымды іс-шара өткізіп, көпшілікті жинағандардың жазаланғанын айтты. Бас санитардың айтуынша, Алматыда карантин талаптарын бұзу бойынша заңды тұлғаларға қатысты 724 хаттама, жеке тұлғаларға 5 694 хаттама толтырылды. Екі тұлғаға да 252 миллион теңге айыппұл салынды.
Әлия Назарбаеваның «Место силы» атты кітабының тұсаукесері өткен Абай атындағы опера және балет театрының басшысы да 670 мың теңге, дәл осы мөлшерде Le Dome мейрамханасының иесі Баян Алагөзованың күйеуінің туған күнін өткізгені үшін айыппұл төлейді.
Айыппұл төлейтіндердің арасында9 қазанда алты мыңнан аса адам жинап, пикиник өткізген «Ариал» гольф клубының басшысы да бар. Клуб иесіне 670 мың теңге, ұйымдастырған адамға 87 мың теңге айыппұл салынған.
Жақында белгілікино актері, режиссер Досхан Жолжақсынов 70 жылдық мерейтойын Svetlana мейрамханасында дүркіретіп өткізген болатын.
View this post on Instagram
Той иесі карантин талаптарын сақтамай, қатысушылардың саны шектен тыс көп болған. Осыған байланысты мейрамхана иесіне 670 мың теңге айыппұл салынды.
Осы брифингте Жандарбек Бекшин жиын өткен нысан иелеріне ғана емес, ұйымдастырушыларға да айыппұл салынғанын айтты. Оның айтуынша бұл тек қала ішінде әшкере болған карантин талаптарын бұзған жайттар.
Парақшамызға жазылыңыз