Covid-тен кейінгі синдром деген не?

1347 рет қаралды
Фото: egemen.kz

Covid-19 вирусы жұғып ауырған адамда денсаулығы нашарлап, жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйесі аурулары асқынуынан бөлек, бірден көрінбейтін, бірақ орталық жүйке жүйесіне кері әсер ететін постковид синдромы байқалуы мүмкін. Жалпы COVID -19 инфекциясынан айығып шыққан жандардың кейінгі жай-күйі жайлы Мінбер сайтның тілшісі  Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының Алматы облысы бойынша филиалы,медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу бөлімінің бас маманы, дәрігер Майра Айтуарқызымен  сұхбаттасқан едік.

«Постковидты синдром» термині нені білдіреді?

«Постковидты синдром» термині аурудың өткір кезеңі аяқталды, бірақ пациент әлі дұрыс қалпына келмеді дегенді білдіреді. Мысалы, бас ауруы, әлсіздік, ашушаңдық, тыныс алу жеткіліксіздігі, механикалық желдетуден кейінгі жағдай, жүрек ырғағының  бұзылуы, жүрек жетімсіздігі, қант диабетінің пайда болуы немесе декомпенсацияға ұшырауы, ұйқы бұзылуы, мазасыздану, буын ауру, шаш түсуі, терінің бөртуі, құлақтың шуылдауы, салмақ жоғалту, тәбеті төмендеу, есте сақтаудың нашарлауы, назар аударудың төмендеуі сияқты әр алуан шағымдар кездеседі.

Сырқатпен бетпе-бет келіп, оны жеңіп шыққан адамның психикасында өзгерістер бола ма?

Өзгеріс болуы мүмкін. Қорқыныш, үрей, сенімсіздікпен бетпе бет келген адамда өзгеріс болатыны түсінікті дүние. Covid-19 вирусынан кейін психика қызметінің бұзылуына әлеуметтік факторлар ғана емес, медициналық себептер де әсер ететіні дәлелденген. Бір жағынан, ондай кінәрат жүрек-қан тамыры жүйесінің әртүрлі бөлігінде, оның ішінде мидың ұсақ тамырларында жүріп жатқан қабыну процесімен байланысты. Екінші жағынан, ертеңгі күніне  алаңдаудан, тауып отырған табысынан айрылудан және үйреншікті өмір салтының өзгеруінен көбейетін стресс те әсер етеді. Коронавирус дертімен ауырып шыққан адамда  үрей, мазасыздану, ұйқы қашу, уайымдау, шошу, торығу  пайда болады.

Коронавирустан айығып шаққан адам қалай  ағзасын  қалай сауықтырады?

Алдымен коронавируспен аурыған адам оңалтудың алғашқы кезеңін  инфекцияны емдеу кезінде ауруханада өткізеді. Кейін науқас мамандандырылған емханаларға және басқа да медициналық ұйымдарға жатқызылады. Соңғы жағдайда күндізгі стационарларда, санаторлық-курорттық жағдайда жүргізуге болады. Ересек адамдар жылына екі рет оңалтудан өте алады. Балалар жылына үш рет оңалтудан өтуі мүмкін.

ТЕК Мына жағдайларда болмайды:

әр түрлі шығу тегі жиі немесе ауыр қан кету; жиі ұстамалы эпилепсия, әр түрлі этиологияның жиі жалпыланған ұстамалары; жедел инфекциялық аурулар; туберкулездің барлық түрінің белсенді кезеңі; қатерлі ісіктер (III-IV сатылар); III дәрежелі немесе одан да көп тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі; декомпенсация сатысындағы аурулар, атап айтқанда, түзетілмейтін метаболикалық аурулар (қант диабеті, микседема, тиреотоксикоз және тағы басқалар), III дәрежелі бауыр мен ұйқы безінің функционалды жеткіліксіздігі; іріңді тері аурулары, жұқпалы тері аурулары (қышыма, саңырауқұлақ аурулары және басқалары); психикалық ауытқулар ,т.б.

Оңалту шараларын кімдер ала алады?

Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру жүйесінде сақтандырылған азаматтар алады. Біріншіден, өкпенің 25% зақымданған және қатар жүретін аурулары бар науқастар оңалтуға жатады. Емделушілердің екінші санаты – қатар жүретін аурулары жоқ, бірақ өкпесі 50% зақымданған науқастар. Оңалту шараларының жоспарына тыныс алу жаттығулары, механотерапия процедуралары, физиотерапия кіреді .

COVID-19 инфекциясынан жазылғаннан  кейін оңалтуға қай кезде жүгіну керек?

Ковид-19 зардап шеккеннен кейін 14 күн бойы науқас әлі де үйден шыға алмайды. Осыдан кейін ол оңалтуға өтініш бере алады. Бірақ егер үйде 14 күн болғанда, оған оңалту қажет болса, онда сіз қашықтан кеңес беру форматының мүмкіндіктерін пайдалана аласыз.

Пневмониядан кейінгі оңалтудың негізгі мақсаты кандай?

Өкпе фиброзының алдын алу (өкпенің жұмысына өте теріс әсер ететін тыртық ұлпасының пайда болу процесі) және тыныс жетіспеушілігінің алдын алу, өкпе тінінің қалпына келуін жеделдету, тыныс алу бұлшықеттерін қалпына келтіру. Өкпенің ғана емес, сонымен қатар дененің басқа мүшелері мен жүйелерінің асқынуларының алдын алу, күш пен өнімділікті тез қалпына келтіру. Әрине Ковид-19  ПТР-тест теріс болу шарт.

Оңалтуға не кіреді?

Адам ағзасының жалпы өзін сезінуін жақсарту үшін  тұзды шахта, массаж, әртүрлі емдік тыныс алу жаттығулары, шөппен емделу, дәрумендер ішу, құнарлы тамақтану, таза ауада серуендеу, пайдалы сусындар ішу, климатпен емдеу, физиопроцедуралар кіреді. Вирус адамның иммунитетін әлсіретеді. Сондықтан ағзада кез келген бактерия, вирусқа төтеп беру қабілеті әлсірейді. Дерттен айығып шыққанның өзінде науқастарда басқа ауруларға шалдығу қаупі жоғары. Ең алдымен иммунитетті қалпына келтіру қажет. Эпиджағдай тұрақталғанша қол беріп амандасудан аулақ болған жөн. Суықтап қалудан да сақтанып жүрген абзал. Себебі қауіпті вирусқа тұмау мен жедел респираторлы инфекция қосылып жүреді. Ауырып, ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік.

Сұхбат беруге келіскеніңізге рақмет!

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар