///

“Қарақат” мектеп-студиясы дауға қалды. Аружан Саин мемлекеттік бюджеттің заңсыз бөлінгенін айтты

1103 рет қаралды

Өткен жылдың соңында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік беретін заңға қол қойды. Әрбір балаға шығындарды төлеуді көздейтін қаржыландырудың жаңа әдісі 1 мамырдан бастап енеді. Заң Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саиннің бастамасымен әзірленді. Алайда Саиннің айтуынша, президент қол қойған реформаның жүзеге асуы ойдағыдай болмай отыр. Оған шенеуніктердің дұрыс жұмыс істей алмауы мен жасырын әрекеттер себеп дейді уәкіл.

Аружан Саин балалар мәселесін Facebook-тегі парақшасында көтерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осы уақытқа дейін ArtSport.edu.kz сайтында 4000-нан аса қызмет көрсетуші тіркеліп, 5 мыңнан аса өтінім мақұлданған. Нәтижесінде, ата-аналарға спорт және шығармашылық бағыттағы 280 мың ваучер берілген.

“Мына жағдай мені прокуратура мен жемқорлыққа қарсы күрес комитетіне, мәдениет және спорт министрі мен Нұр-Сұлтан әкіміне жүгінуге мәжбүр етті”, – деп жазды Саин.

Айтуынша, қыркүйек айынан бастап ArtSport.edu.kz порталының операторлары “лимит бітті” деп балаларды шығармашылық үйірмелерге тіркеуден бас тартқан. Оның үстіне, барлық дерлік әкімдіктер балаларға арналған жобаға жеткіліксіз көлемде ақша бөлген. Осы орайда Аружан Саин Үкіметпен, мәдениет және спорт министрлігімен бірігіп, аталған проблеманы шешуге тырысуда.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар