//

Қор нарығын дамытуға мүдделі көп. Ал, биржаның ұсынысы қандай?

1103 рет қаралды

Қазақстанның қаржы саласы өңірдегі ең озық жүйе саналады. Бүгінде оның жиынтық активі 35 триллион теңгеден асады. Бұл – еліміздің ішкі жалпы өнімінің тең жартысынан көп.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресінде жасаған бейнеүндеуінде мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде отандық қор нарығын, соның ішінде экономиканы қаржыландырудың тағы бір маңызды көзіне айналуы қажет «Астана» халықаралық қаржы орталығын белсенді дамыту керек екенін атап өтті. «Түптеп келгенде, халқымыздың әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының алдындағы ортақ міндет», – деді Мемлекет басшысы.

Жалпы, соңғы уақытта елімізде қор нарығына қызығушылардың саны артып келеді. Оны «Бағалы қағаздар орталық депозитерийнде» тіркелген жеке тұлғалардың есеп-шоттары санынан да байқауға болады. Жеке тұлғалардың атына ашылған жеке шоттардың жалпы саны 206 313 болды, жыл басынан бері 73 449 жаңа шот ашылған. Сарапшылардың дерегінше, оған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында сақталған шекті сомадан асқан қаражатты портфльдерге басқаруға беру мүмкіндігі де үлкен ықпал еткен.
Сонымен қатар, пандемиямен бірге келген карантиндік шектеулер азаматтарды қосымша кіріс көзін іздеуге мәжбүр еткені анық.
Бұдан бұрын Астана халықаралық қаржы орталығы «Таbys» мобильді қосымшасы арқылы түрлі инвестициялық ноталарға қаржы салуды ұсынған болатын. Қазақстан қор биржасы да қор нарығына деген сұраныстың өсуіне қарай  түрлі портфельдерді ұсынуда. Соның бірі «Kase Global» секторы. Ендігі жерде KASE ресми тізімінің «KASE Global» секторына енгізілген 27 шетелдік компанияның акциясын Қазақстан қор биржасында сатып алуға мүмкіндік жасалды, деп жазады kase.kz сайты.
Тізімге енген компаниялар:
1) US0231351067 Amazon.com, Inc. (сауда-саттық коды – AMZN_KZ) жай акциялары;
2) US00206R1023 AT&T Inc. (сауда-саттық коды – T_KZ) жай акциялары;
3) US0970231058 The Boeing Company (сауда-саттық коды – BA_KZ) жай акциялары;
4) US1729674242 Citigroup Inc. (сауда-саттық коды – C_KZ) жай акциялары;
5) US34959E1091 Fortinet, Inc. (сауда-саттық коды – FTNT_KZ) жай акциялары;
6) US4781601046 Johnson & Johnson (сауда-саттық коды – JNJ_KZ) жай акциялары;
7) US57636Q1040 Mastercard, Inc. (сауда-саттық коды – MA_KZ) жай акциялары;
8) US5951121038 Micron Technology, Inc. (сауда-саттық коды – MU_KZ) жай акциялары;
9) US64110L1061 Netflix, Inc. (сауда-саттық коды – NFLX_KZ) жай акциялары;
10) US0079031078 Advanced Micro Devices, Inc. (сауда-саттық коды – AMD_KZ) жай акциялары
11) US2937921078 Enterprise Product Partners (сауда-саттық коды – EPD_KZ) жай акциялары;
12) US29273V1008 Energy Transfer LP (сауда-саттық коды – ET_KZ) жай акциялары;
13) US35671D8570 Freeport-McMoRan Inc. (сауда-саттық коды – FCX_KZ) жай акциялары;
14) US0028241000 Abbott Laboratories (сауда-саттық коды – ABT_KZ) жай акциялары;
15) US20825C1045 ConocoPhillips (сауда-саттық коды – COP_KZ) жай акциялары;
16) US79466L3024 SALESFORCE.com Inc. (сауда-саттық коды – CRM_KZ) жай акциялары;
17) US6516391066 Newmont Mining Corp. (сауда-саттық коды – NEM_KZ) жай акциялары;
18) US02376R1023 American Airlines Group (сауда-саттық коды – AAL_KZ) жай акциялары;
19) US09062X1037 Biogen Inc. (сауда-саттық коды – BIIB_KZ) жай акциялары;
20) US55616P1049 Macy’s Inc. (сауда-саттық коды – M_KZ) жай акциялары;
21) US60770K1079 Moderna Inc. (сауда-саттық коды – MRNA_KZ) жай акциялары;
22) US67066G1040 NVIDIA Corporation (сауда-саттық коды – NVDA_KZ) жай акциялары;
23) US70450Y1038 PayPal Holdings Inc. (сауда-саттық коды – PYPL_KZ) жай акциялары;
24) US7475251036 QUALCOMM Inc. (сауда-саттық коды – QCOM_KZ) жай акциялары;
25) US90184L1026 Twitter Inc. (сауда-саттық коды – TWTR_KZ) жай акциялары;
26) US8825081040 Texas Instruments Inc. (сауда-саттық коды – TXN_KZ) жай акциялары;
27) US90353T1007 Uber Technologies Inc. (сауда-саттық коды – UBER_KZ) жай акциялары.

Акцияларды «KASE Global» секторында сауда-саттыққа қосудың негізі келесі критериийлер болып табылады:
– эмитент және енгізілген акциялар шетел мемлекетінің заңдарына сәйкес тіркелген;
– акциялар қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және/немесе осы мақсаттар үшін KASE анықтайтын индекстердің өкілетті тізімінде болса. Қазіргі уақытта бұл тізім екі қор биржасын қамтиды – NASDAQ, Global Select және NYSE, Equity – және екі индекс – Standard and Poor’s 500 және NASDAQ-100 INDEX;
– KASE-де сауда-саттықты ашу сәтіндегі бағалы қағаздарды есепке алуды «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ жүзеге асырады;
– «қор» санатындағы кез келген KASE мүшесі акцияларды қабылдау бастамашысы болып табылады;
– акциялардың орталық контрагенттің өтімділігін басқаруға және дефолттарды реттеуге жауапты Биржа департаментінің оң сараптамалық қорытындысы болуы керек.
Аталмыш акциялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылуы туралы қосымша хабарланады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар