Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тамағы ауырып (ангина) дене қызуы көтерілуіне байланысты 2 желтоқсан күні өткен Almaty Investment Forum 2021-ге қатыса алмағаны жайлы Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов мәлімдеді.
«Әріптестер, Бақытжан Әбдірұлы денсаулығына байланысты демалысқа шыққанына осымен үш күн болды. Таңертең Almaty Investment форумына қатыса алмады, өйткені ол ем қабылдап жатыр. Оған ангина диагнозы қойылды, қызуы бар. Мүмкін, сағат 16.00-де ол онлайн режимінде қатысады», деді баспасөз хатшысы.
Парақшамызға жазылыңыз