////

Түрмеден кейінгі өмір: Ең бастысы өмірді қайта бастаудан қажымау керек

1682 рет қаралды

Елордада Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (әкімдік) қолдауымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін кәсіпкерлік қызметті дамыту және жұмыс орындарын құру бойынша қызметтер көрсетілді. Бұл жобаны орындау міндеті мемлекеттік сатып алу порталындағы өткізілген конкурс бойынша анықталған жеңімпаз – “Ақталушылық технологиялар мен тұжырымдамалар” қоғамдық қорына жүктелген еді.

Жобаның қыр-сырын түсіну үшін Қордың жетекшісі Орынбасар Молдашқызынан сұхбат алуды жөн көрдік.

– Орынбасар Молдашқызы, Сіз бұл саладағы қызметті қай жылы бастадыңыз және оған түрткі болған себептерді атай аласыз ба?

– Менің бұл саладағы еңбек жолым 2007 жылы басталды. Нашақорлықтан қаза болған, өмірде өз орнын таба алмаған жігіттердің тағдыры алаңдататын. Мемлекеттік органдарда кездесулерге қатысып жүргенде жүректері ашып, жаны қысылып жүрген әйелдерге назар аударған едім. Олардың жан айқайының себебі түрмедегі балаларына көмек көрсете алатын арнайы маманды таба алмай жүргендігінде екен.

– Органдар демекші, мемлекеттік мекемелердің қайсыларымен ынтымақтастық жасап жүрсіздер? Және олардың көрсететін жәрдемі қандай?

– Мысалы, біздің елорда бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бізге семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстел сияқты әр түрлі іс-шара өткізуге өз залдарын уақытша беру арқылы көмектеседі. Аудандардың пробация қызметтері де, сотталғандармен жұмыс жасау, іс-шаралар үшін үй-жай беру түрінде көмек көрсетеді. Сонымен қатар жергілікті полиция қызметтері қол ұшын беріп тұрады. Тура солай елорда әкімдігінің, Полиция департаментінің, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауын атап кету керек. Бұдан бөлек жобамыздың сәтті іске асуына бірге атсалысып жүрген құзіретті мамандарымыз да бар. Мысалы, Марат Мэлсұлы, сотталғандардың тыйым салынған есеп шоттарын босату, құқықтық көмек көрсету, мерзімді қысқарту, дәріс оқу сияқты қолғабыстар көрсетіп, жобамызға білікті заңгер ретінде қатысты. Сонымен қатар бұл жобадағы психолог Ольга Александрқызы, заңгер-кеңесші Аликен Досымбекұлының да еңбегі аз емес.

 – Орынбасар Молдашқызы, ал егер индикаторларға келетін болсақ, осы уақытқа дейін қандай жұмыстар орындалды?

– Қордың атқарған жұмысын цифрлармен баяндасақ, былай болады:

2021 жылы:

– Ал бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар үшін мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіледі, айтып бере аласыз ба?

– Мысалы, түрмеден шыққан соң Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылады, үйлері болмаса, Бейімдеу орталығына орналастырылады. Алайда ол жақта сәйкес жағдайлар жоқ деуге болады. Азық-түлік қоржынымен де кейде көмек көрсетіледі. Бірақ психологиялық, құқықтық көмек жоқ. Әрине, қамауға алынған кезде адвокат беріледі, бірақ көбінесе оның көмегі жемісін бермейді.

– Жобаны жүзеге асыру кезінде кедергілер болды ма, қандай қиыншылықтарға тап болдыңыздар?

– Бұл саладағы мамандар тапшылығы, техникалық жабдық жетіспейді. Сотталғандардың көбісінің банктегі шоттарына тыйым салынған, шетел азаматтарының құжаттарын дайындау, рәсімдеу қиынға түседі.

Орынбасар Молдашқызы, Сіздің пікіріңізше, біздің елімізде босатылғандар үшін әлеуметтік бейімдеу, оларға көмек көрсету жүйесі қанағаттанарлық деңгейде ме? Жоқ болса, оған не жетіспейді?

Бейімдеу жағы мәз емес, шынында олар бір мекемеден басқасына барып, анда-мында жолығып жүруге мәжбүр, бірақ оларды ести қоймайды. Меніңше, бейімдеу жүйесінде жетіспейтіні:

  • Әлеуметтік қонақ үй
  • Мамандандырылған жұмыс орындары
  • Өмірлік мәселелерді шешудің формальді жолы
  • Психологиялық қалпына келтіру
  • Тәлімгерлер
  • Ерекше көзқарас.

 – Сіздің тәжірибеңіздегі сәтті бейімделу мысалдарын атай аласыз ба?

– Менің ойымша, сәтті бейімделу – бұл денсаулықтың болуы, құжаттардың, тұратын жерің үйдің, жұмыстың болуы. Адам өмірі құнсыз болып кетті, бейжайлық пен абсолютті түсінбеушілік орын алды.

Ал енді сәтті бейімдеу жемістеріне келсек, мысалдар бар, әрине (Кейіпкер есімдері өзгертілген).

Біріншісі, Арыстан. Жаман әдетке тәуелді болды, ауырды, жүрегі тіпті нашар болып, оны ауыр халде ауруханаға жатқызды, ол жерден жазылып шықты. №6 емхана меңгерушісі оған көмек көрсетуден бас тартып, мен Қалалық денсаулық басқармасы бастығына жолығуға мәжбүр болдым. Ол жерде меңгеруші мені мұқият тыңдап, 6-шы емханаға жолдау жазып берді. Жүрекке УДЗ жасап, сол құжаттармен жергілкті денсаулық сақтау басқармасынан квота алып, кардиологиялық орталыққа келіп жеттік. Екі сағат ішінде науқасқа операция жасау шешімі қабылданды. Міне, осылай жігіттің өмірін сақтап қалдық.

Тағы бір хикая Асхат жайлы.  Асхат 1991 жылы Өзбекстанда туған, анасы тастап кеткен, атасы мен әжесінің қолында өскен. Олар қайтқаннан соң, өзі қалған, еш құжаты жоқ. Бұдан бұрын 75-баптың 2-тармағы бойынша сотталған болғандықтан, Асхат біздің Қорға жолығып, көмек сұрап келді. Осы күнге дейін жеке куәліксіз жүрген екен. Өзбекстан елшілігіне  жолығып, оның сол елдің азаматы екенін куәландыратын анықтама алдық. Екі ауданның көші-қон қызметінде, ІІМ комитетінде де бұл мәселені шеше алмады. Сонда біз ІІМ министріне жолықтық; нәтижесінде Көші-қон полиция комитетінің қызметкерлері азаматтығы жоқтығын куәландыратын құжатты рәсімдеуге келісті. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы азаматтығы мен жеке куәлігі даярлануда.

Саша мен Антонға көмектескен отбасылар мен біздің Қордың бірлескен жұмысының жемістері туралы ұзақ хикая. Бұл екеуі бұрын сотталғандар түрмеден шыққан соң, бірнеше рет құқықтық тәртіпті бұзған. Аналары қанша уайымға батып, біраз жүйкесі тозған, біздің Қордың жұмыскерлері оның төзімділігіне әлі күнге дейін таңқалады. Біз оларды қолдап, жұмысқа орналастырдық, алайда ол жерлерде ұзақ істей алмаса да. Саша туберкулез дертіне шалдықты, мүгедектік алды. Антон тропикалық жарамен ауырып, оны ауруханаға қабылдамады, содан емді үйде жатып, алды. Киімдері болмай, оларды Қор жазғы, қысқы киім, аяқ киіммен қамтамасыз етті. Мен үнемі аналарына звондап тұрдым, бірге шешім қабылдап отырдық. Кейін келе Саша бір бойжеткенмен танысып, өзгеріп, қазір ішімдікті қойып, жұмыс істеп жүр. Мүгедектігі жоқ. Ал Антон болса, тәуелділіктен құтылып, үй шаруасымен айналысып жүр. Міне, осылай екі ағайынды адам болды.

– Орынбасар Молдашқызы, ал егер де адамдардың қайсыбіреуі бұрын сотталғандарға көмек көрсеткісі келсе, оны қалай жүзеге асыра алады?

– Біздің байқауымызша, халық арасында көмектескісі келетіндер болса да, іс жүзінде ондай адамдармен байланысқылары келмей, олардан қашық жүруге тырысады.

Айта кетелік, жақын арада Қазақстан бойынша мыңға жуық тұтқын рақымшылықпен босап шығарылады. Ағымдағы жылдың 7 желтоқсанында мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына қол қойған еді.

Жанар Байтілес, Нұр-Сұлтан қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар