//

“1500-ге жуық адам өндірісте жарақат алса, 200-ден аса жұмысшы қаза табады”-Сенатор

789 рет қаралды
Фото: википедия
Фото: википедия

Сенатор Нариман Төреғалиев депутаттық сауалында өндірістегі жарақаттанудың жоғары деңгейіне алаңдаушылық білдірді. Ол туралы @senate_kz инстаграм парақшасында хабарланды.

Сенатордың айтуынша, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарының санын азайту – бүгінгі таңда еліміз үшін өте өзекті болып отыр.
“Ресми статистика бойынша жыл сайын елімізде 1500-ге жуық адам өндірісте жарақат алады, 200-ден астам жұмысшы қаза табады”,-деді сенатор.
Мәселені шешу үшін сенатор:

▫️Кәсіпкерлік кодексте көзделген еңбек инспекторларының қызметін шектеу туралы нормаларды Халықаралық еңбек ұйымының конвенцияларына сәйкес келтіруді;
▫️Мемлекеттік еңбек инспекторларының санын арттыруды;
▫️Өндірістегі жазатайым оқиғалар фактісі туралы уақтылы хабарламағаны үшін жұмыс берушінің әкімшілік жауапкершілігін күшейтуді ұсынды.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар