Алматы облысында алдын ала есептеулер бойынша келтірілген зиянның жалпы сомасы 8,5 млрд теңгеден асты. Бұл туралы Jetisy ‘ Media ақпараттық алаңында өткен брифинг барысында белгілі болды.
Бүгінгі таңда Талдықорған қаласында, Қарасай, Жамбыл, Ақсу аудандарында 120-ға жуық зардап шеккен бизнес субъектілері анықталды. Олардың ішінде “Қарағаш” сауда үйі мен 5 бутик, “Sulpak” тұрмыстық техникасының 3 дүкені, “Technodom” техника дүкені, “Small” супермаркеті, полиция департаменті мен облыс әкімдігінің асханалары, Қарасай ауданында “Апорт” СОО-да 70-ке жуық дүкен мен бутик және “Алтын орда” базарының 20-ға жуық сауда дүкені, сондай-ақ екі май құю бекеті, Жамбыл ауданында 1 ЖМҚС, Ақсу ауданында 1 кәсіпорын және т. б
Зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілерінің 83% – ы – шағын және орта бизнес өкілдері, қалған 17% – ы-ірі бизнес өкілдері.
“Бизнес иелерінің назарын зардап шеккен кәсіпкерлерге залал көлемін одан әрі дәлелдеу үшін уәкілетті органдардан немесе жеке бағалау компанияларынан залал туралы қорытынды алмай, қираған орындарды ретке келтірмеуге кеңес береміз”, – деп хабарлады Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Лаззат Шынғысбаева.
Республикалық деңгейде зардап шеккен бизнесті қолдау қоры “Күшіміз Бірлікте” – “Сила в единстве”құрылды. Қаржылық көмек көрсетуді қалайтындардың барлығы ҰКП сall–орталығы мен Алматы облысы Өңірлік кеңесінің телефондары арқылы хабарласа алады. Комиссия шешкеннен кейін қордың ақшасы объектілері тоналған және бұзылған өңірлердің кәсіпкерлеріне бөлінетін болады.
Қазіргі уақытта халық пен бизнесті қолдау үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың кредиттері бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсыну бойынша бұйрық қабылдады, сондай-ақ кредиттер бойынша мерзімі өткен жағдайда айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге тыйым салынды және талап-арыз жұмысы тоқтатылды.
Алайда, жағдайға қарамастан, көптеген кәсіпкерлер “Атамекеннің” блокпостардағы әскери қызметшілерді қолдау туралы үндеуіне үн қосты. Талдықорған мен аудандардың рестораторлары, өңірлік кеңестің, кәсіпкерлер кеңестері мен іскер әйелдер кеңесінің, “Вместе мы – сила” кәсіпкерлер қауымдастығының мүшелері блокпосттарды азық-түлікпен, отынмен, дәрі-дәрмекпен және басқа да қажетті құралдармен қамтамасыз етеді.
Парақшамызға жазылыңыз