///

Алматыны Алма-Атаға ауыстыру туралы сұрақты не үшін қойды?

2392 рет қаралды
фото: mel.fm
Бүгінгі ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың “Хабар24” арнасына берген сұхбатында көпшіліктің наразылығын тудырған бір мәселе еліміздің негізгі мегаполисі Алматы қаласының атауын Алма-Ата деп ауыстыру туралы сұрақ. Біріншіден бұл сұрақтың илеуі қанып, кетеуі кеткен сұрақ. Қазақстан қоғамы оны әбден талқылап тастаған.
Екіншіден оның оқиғаға ешқандай қатысы жоқ. Жұрт алаңға Алматы атауы үшін шыққан жоқ қой. Үшіншіден, бұл онсыз да наразы жұрттың жарасына тұз сепкендей болды:
Мұхтар Сеңгірбай, саясаттанушы: 
“Қайдан шыққаны белгісіз Алматы қаласының атауы туралы сұраққа “Алматы больше подходит для людей казахоязычных”, құжатты ауыстырып қайтеміз, әркім өзіне ұнаған атымен атай берсін деді. Яғни қазақ қоғамындағы постколониалдық сана, ұлттық жаңғыру, өзін сол бұқараның басшысы ретінде сезіну байқалмады”.
Ришат Асқарбекұлы, журналист: 
“Алматыны Алма-Ата деп ауыстырудың қажеті шамалы. Алматы ресми түрде Алматы деп қала берсін. Алма-ата деп айтам дегендерге қарсылық жоқ. Онсыз да проблема жетіп жатыр. Мұны қозғай берудің қажеті жоқ”
Жалпы Алматының атауы күн тәртібіндегі маңызды сұрақ па еді? Қызылсары шашты қыздың сол жерде ойынан шығарып қоя салған сауалы сияқты.
https://youtu.be/WQ6VzRxo6FU
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар