/

Бақытжан Сағынтаев: “Бізге оқ атты, жан-жақтан оқ жаудырды, артымыздан қуды”

784 рет қаралды
Фото: syr-media.kz
Фото: syr-media.kz

Алматы қаласының  әкімі Б. Сағынтаев 31-арнаның тілшісі Асқар Меңдібаевтың тікелей сұрағына жауап берді.  Әкімдікке шабуыл жасалып, қалада тәртіпсіздіктер басталғанда, наразылық білдірушілерге неге шықпағанына қатысты сұраққа жауап  берді. Видео Информбюро бағдарламасының ресми Instagram-парақшасында жарияланды. 

“Бәріміз жұмыс орнында, штабта болдық.  Ешқайда кеткен жоқпыз.  Алғашқы түні таңға жуық мәлімдеме жасадым. Келесі күндерде штабта болдық. Басты міндетім Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, әкімшілік, басшылықпен байланыс орнату болды. Осы жұмыстардың бәрін үйлестірдік. Полиция департаменті, ҰҚК департаменті және т.б. бірінші тұлғалармен байланысуға (өкілеттілік) жоқ. Барлық жұмыс менің мойнымда болды. Әр 5-10 минут сайын келіссөздер жүрді.

Қосымша күштер келіп, арнайы жасақ әкімдік пен алаңды тазартқанда, штабтағы әріптестерім әкімдік пен алаңға шықты. Сол жерде бізге оқ атты, жан-жақтан оқ жаудырды. Артымыздан қуды. Бізді күтіп отырған. Олар қайда баратынымызды білген”, – деді Сағынтаев.

Сағынтаевтың сөзінше әкімнің жеке көлік жүргізушісі зардап шеккен. Және неліктен  полицияның қарулы бүлікшілерге төтеп бере алмағанын атап айтты.

“Қалада Ұлттық ұлан, полиция және әскери курсанттар болды. Олардың ешбірінде қару болған жоқ. Ал шабуылдаушылардың қолында қарудың түр түрі болды. Ал полиция дыбыс шығаратын гранаталарды қолданды, болды…” дейді әкім.

Алып шаһардың әкімі атыс қаруын қолдану үшін бұйрық қажет екенін айтты. Бұйрықсыз  атуа болмайтынын қайталап айтты. Оның айтуынша, оқ ату туралы бұйрық қарақшылар мен лаңкестер бірінші болып оқ атып, адамдар қаза болғаннан кейін берілген.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар