//

Белгілі кино және театр актері Еркін Әбдірешов: Екі көзінен айырылған ұлым ауруханада емделуі керек

2723 рет қаралды

Белгілі кино және театр актері Еркін Әбдірешов Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевқа арыз-өтініш жариялады.

Әлеуметтік парақшасында қалдырған арыз- өтінішінде актер Президент Қасымжомарт Кемелұлын Қазақстан Республикасы заңдарының гаранты ретінде, қарапайым халықтың құқықтарын қорғайтынына сенетінін айта келе, елімізде болып жатқан келеңсіз мәселелер қалам алуға түрткі болғанын жазған.

Актердің айтуынша 2022 жылы 5-қаңтарда таңертең жұмысқа кеткен ұлы Абдрешов Ермек Еркінұлы 7-қалалық клиникалық ауруханасының жан сақтау бөліміне түскені жайында хабар алған. Көшеде жарылған гранатадан жарақат алған ұлы үш күн жан сақтау бөлімінде ес түссіз жатқан. Жарақат салдарынан бір көзінен айырылған.
2022 жылы 9-қаңтарда ауыр қалде жатқан ұлын арнайы жасақ киімін кигендер алып кеткенін естіген.
“Адам құқығын қорғайтын заңы бар мемлекеттерде ауруханада жатқан ауыр науқасты алып кету қылмыс. Алып кеткен жағдайда, кім, қайда алып кеткені жөнінде мәлімет болуы тиіс емес пе? Жоқ бізде анархиялық, тирандық мемлекет пе?”- деп, жан жарасын жеткізген Еркін Әбдірешовке адвокат хабарласып, ұлының СИ – 18 мекемесінде жатқанын, екі көзі де көрмей қалғанын, қабырға жағалап жүргенін,тағы екі ай ұстауға санкция бергенін хабарлаған.

Ұлының кінәсі жоқ екеніне сенімді Еркін Сәулеұлы дәл қазір оны ауруханаға жатқызып емдеу керектігін жеткізген.
Естеріңізге сала кетейік Еркін Сәулеұлы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 2004 жылдан бері еңбек етеді.
М.Әуезов “Алуа” – Қызыл әскер, М.Мақатаев “Дариға жүрек” -ақын, У. Шекспирдің “Дуалы түн думан”-Фисба сияқты ролдерде ойнаған.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар