Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді. Ақпаратты Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли растады.
“Президент Алматыда екенін растаймыз. Ол Алматыда өткен жедел штаб отырысына қатысты. Сондай-ақ, қаза болған полиция қызметкерлері, әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары қатысқан кездесу өтті. Президент көңіл айтып, наградалар табыстады”, – деді Берік Уәли.
Баспасөз хатшысының айтуынша, Мемлекет басшысы жедел басқару орталығында жатқан зардап шеккендерге барып, олардың жағдайын білген.
Дереккөз: TengriNews
Парақшамызға жазылыңыз