Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың екі күйеу баласы «ҚазТрансОйл» мен «ҚазТрансГаз» ұлттық компанияларындағы лауазымды қызметтерінен шеттетілді.
Бұл туралы ҚазТАГ телеграф агенттігіне сілтеме жасай отырып, eadaily.com ақпараттық порталы мәлімдеген. «ҚазТрансОйл» АҚ басқарма төрағасы Димаш Досанов пен «ҚазТрансГаз» басқарма төрағасы Қайрат Шарипбаев қызметтерінен кетті делінген онда.
Досанов бұл қызметті 2016 жылдан бері атқарып келеді. Бұл лауазымға ол Әлия Назарбаеваға үйлене салысымен отырған. Дариға Назарбаеваның екінші күйеуі Қайрат Шарипбаев та қызмет баспалдағына осы жолмен жеткен.
Бұл ақпарат қазақстандық басылымдар да жарық көрген. Мәселен Zakon.kz порталы олардың қызметінен өз еркімен кетуге өтініш бергенін айтады. Сөйтіп 14 қаңтарда олардың өтініші мақұлданған.
https://eadaily.com/ru/news/2022/01/15/dva-zyatya-nazarbaeva-lishilis-svoih-dolzhnostey
Парақшамызға жазылыңыз