Олжас Құдайбергенов: “Қазақстан халқына” қорына бір күндік жалақыны аударуды қою керек

811 рет қаралды
Фото: Құдайбергеновтың Фейсбук парақшасынан алынды

“Қазақстан халқына” қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі, қазақстандық экономист Олжас Құдайбергенов қорға бір күндік жалақыны аударуға байланысты ойын өзінің Facebook  парақшасында жариялады. Орыс тілінде жазылған пікірді Мінбер сайтының тілшісі қазақ тіліне аударып, оқырман назарына ұсынады.

“”Қазақстан халқына” қоғамдық қорына   мемлекеттік қызметшілер немесе жеке компаниялар бір күндік жалақысын аударатын үрдіс байқалып жатыр. Бұл қор мүлде бұл мақсатқа арналмаған. Халық қорға ақша салу емес, алу керек.

Қор бір кездері салықтан жалтарып, ақшасын шетелге шығарып, енді азаматтық санасын көрсетуге дайындар үшін. Артық ақшасы бар  бай адамдар мен заңды кірісі бар компаниялар үшін. Мүмкін, басқа да табыс көздері табылар. Азын аулақ ақша аударғысы келсе, тіпті қарапайым адамдар да жасай алады. Десек те, бір күндік жалақыны аударуды қою керек”, – деп бөлісті Олжас Құдайбергенов.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар