Өзбекстан Қазақстанмен шекарасын жапты

798 рет қаралды
Фото: Qazaq tv
Фото: Qazaq tv

Өзбекстан 15 қаңтардан бастап екі ел азаматтарын Қазақстанмен мемлекеттік шекарадан өткізуді тоқтатты. Бұл шаралар “омикрон” штамының алдын алу мақсатында қабылданды. Бұл туралы Өзбекстан Сыртқы Істер Министрлігінің баспасөз  қызметі хабарлады.

15 қаңтардан бастап Өзбекстан аумағына кірушілер ПТР-сынамасының теріс нәтижесін шекарадан өткенге дейін 48 сағаттан асырмай ұсынуы, сондай-ақ Өзбекстан аумағына кірген кезде коронавирус инфекциясына экспресс-антиген тест тапсыруы тиіс екені айтылды.

Сондай-ақ, шекарадан өте алады:

  • әуе қатынасы арқылы келушілер;
  • Туған жеріне оралған Өзбекстан мен Қазақстан азаматтары;
  • үкіметаралық фельдъегерь байланыс қызметкерлері;
  • халықаралық жүк тасымалымен айналысатын жүргізушілер;
  • ресми (үкіметтік) делегация құрамындағы адамдар;
  • дипломатиялық өкілдік, консулдық мекеме мен халықаралық ұйым қызметкерлері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері;
  • Қазақстан аумағында орналасқан Өзбекстан нысандарына қызмет көрсетуші персонал, сондай-ақ Өзбекстан аумағында орналасқан Қазақстан нысандары;
  • қызметін инвестициялық жобалар шеңберінде жүзеге асыратын азаматтар;
  • Өзбекстанда тұрақты тұратын Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын Өзбекстан азаматтары;
  • ауыр сырқаттанған жақын туыстарына бару немесе жақын туысының жерлеу рәсіміне қатысу мақсатында келетін адамдар;
  • марқұмды тасымалдаушылар.
Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар