Пандемия: Елордада карантин талаптары күшейтілді

696 рет қаралды
Фото: dw.com
Фото: dw.com

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласында қатаң карантин шектеулері енгізіледі. Бұл туралы елорданың бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді. Бейсенова қала аумағында омикрон штамының таралуы шектеу және карантин шараларын күшейтуді талап еткенін айтты.

“Бүгіннен бастап мен қол қойған қаулыға сәйкес, Қазақстанның бас санитария дәрігерінің “қызыл аймақ” бойынша қаулысында жазылған шектеулерден басқа, елордада мыналарға тыйым салынады:

Ashyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейін еске алуды қоспағанда, отбасылық, бұқаралық іс-шараларды далада да, үй ішінде де өткізуге;

Ashyq жобасына қатысатынына қарамастан, концерт залдарының, филармониялардың, театрлардың, цирктердің, кинотеатрлардың қызметіне тыйым салынады;

мешіттердің, шіркеулердің, синагогалардың, соборлардың және басқалардың объектілері мен діни бірлестіктерінің аумағында ұжымдық іс-шараларды, намаз жұмасын, діни жораларды және басқаларды өткізуге;

конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізуге;

түнгі клубтардың қызметі, караоке, қоғамдық тамақтану нысандарындағы барларда қызмет көрсетуге тыйым салынады”, – деп хабарлады Бейсенова брифингте.

Сондай-ақ, ол қоғамдық тамақтану орындарына келушілер санын азайту туралы шешім шығарды, енді бір үстелге 4 адамға дейін ғана отыра алады.

“Білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған түзету орталықтарының жұмысын онлайн форматқа көшіру. Қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцина алғанына қарамастан, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80 пайызы қашықтан жұмысқа, оқушылар 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін, жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орындарының студенттері 6 ақпанға дейін қашықтан оқуға ауыстырылсын”, – деп қаулы етті Сархат Бейсенова.

Сондай-ақ, ол орын саны бойынша салоны толып қалатын бағыттардағы қоғамдық көлік саны ұлғаятынын айтты.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар