/

Перепечина Парламент Сенаты төрағасының орынбасары болып сайланды

920 рет қаралды
Фото: информбюро

Палата отырысында сенаторлар Нұрлан Әбдіровтің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалуына байланысты Сенаттың жаңа вице-спикерін сайлау туралы мәселені қарады. Ақпарат сенаттың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

«Нұрлан Мәжитұлы Сенат Төрағасының орынбасары ретінде Президентіміздің реформаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге айтарлықтай еңбек сіңірді. Сенаттың көптеген бастамаларын және іс- шараларын жүзеге асыруға елеулі үлес қосты. Депутаттардың заң шығару қызметін де тиімді үйлестіре білді», – деген Мәулен Әшімбаев  әріптесіне атқарған қызметі үшін алғыс білдірді.

Отырыс барысында Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары болып Ольга Перепечина сайланды.

Ол бұған дейін төрт жылдан астам уақыт Сенаттың Қаржы және бюджет комитетіне басшылық жасап келді.

Мәулен Әшімбаев оның Комитет төрайымы ретінде ел бюджетінің тиімді қалыптасуына үлкен үлес қосқанын айтты.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар