Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Байтасов Live Ютуб арнасына сұхбат берді. Әкімнің әңгімесі Covid-19 инфекциясын жұқтырған сәтінен басталды. 2-қаңтар күні ыстығы көтерілгенін, сонда да телефон арқылы байланыста болғанын айтты. 4-қаңтар күні ыстығы көтеріліп тұрса да, шаруаға кіріскенін айтты. Арманжан Байтасовтың сұрақтарына жауап бере келе, әкімнің отставкасына қатысты петицияға қатысты да пікір білдірді.
“Бүліктер біткен соң петиция пайда болды. Петиция маған ауыр тиді. Мен де адаммын. Бірақ жұмысымды жалғастыруым керек. Жұмысымды жалғастырдым, өйткені қаланы қалпына келтіру, келтірілген шығынды өтеу, бәрін тез арада шешіп, жұмысты үйлестіру керек болды”,- деді шаһар басшысы.
Парақшамызға жазылыңыз