Қара жамылған отбасы “кішкентайын емізген күйі басына оқ тиіп мерт болды”

1287 рет қаралды

Алматыдағы бүлік кезінде көлікте бала емізіп отырған әйелдің басына оқ тиіп, көз жұмды. Омыраудағы сәбиін емізіп отырған ананың бейбіт күнде өмірден кеткені, төрт баласының қанның ортасында қалғаны жайлы журналист Гүлмира Әбіқай өзінің инстаграм парақшасында жариялады.

“АЛМАТЫЛЫҚ
Бүркітбаевтар бір-ақ күнде қара жамылды. 05/01/22 қызуы көтеріліп мазасызданған 7 айлық Нұрымға дәрі алуға шыққан отбасы анадан айырылды. 35 жастағы Жанар кішкентайын емізген күйі басына оқ тиіп мерт болды. Азан-қазан жылаған бала, қанға бөккен бөпе, есеңгіреген отағасы.
Сол күйі қаладағы қайын әпкесіне барады. Олар түсінбей, абдырап , бірінші кезекте жедел жәрдем шақырған, бірақ келмеді. Жарын өздігінен 4-ші ауруханаға апарғанда, “оқ басын тесіп ми ішінде қалды, азаматша сол мезетте-ақ жүріп кеткенін” айтқан.
Содан бері 10 күн өтті. Марқұм Жанарды Жамбыл облысына апарып жерлеп қайтты. Бұл өлімнен ресми билік, балалар омбудсмені хабарсыз”- дейді журналист.

Журналист халық болып қара жамылған отбасыға материалдық көмек көрсетуге үндеді.
“Отбасына көңіл айтып келген ешкім жоқ. Кеше отағасының шақыруымен үйлеріне мен бардым. 4 баланың үлкені 7-де, 4-те, 2-де, кішісі енді еңбектеп жүр. Қала шетіндегі жалдамалы времянка. Сұлтан құжатпен жүгіріп жүр, Нұрым емшектен шығып ешкінің сүтіне көшуде, қыз бақшадан қалды, ертең мектеп… жағдай қиын. Осы айдың балаларға арналған 76 мың тг. жәрдемақысын ала алмады. Бүгін ХҚО барған “6 айдан соң аласыз” депті,- делінген журналисттің жазбасында.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар