Ақорданың хабарлауынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы жарлығымен енгзілген төтенше жағдайдың күші Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының шекараларында 2022 жылғы 13 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылады.
Төтенше жағдай күшінің кезең-кезеңмен аумақтардағы жағдайдың тұрақталуына қарай жойылуы бәріміз үшін қуантарлық жағдай. Басқа аймақтарда да жағдай жақын арада тұрақталады. Адамдар қалыпты өмір салтына тезірек оралады деп сенеміз!
Парақшамызға жазылыңыз