13 қаңтардан бастап, яғни бүгіннен бастап Қазақстанның бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі алып тасталынды. Жарлық Ақорда сайтында кеше жарияланды.
«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес төмендегі өңірлерде ТЖ режимі бүгіннен бастап алынып тасталынды:
«Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 745 Жарлығымен енгізілген Солтүстік Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.
«Павлодар облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №744 Жарлығымен енгізілген Павлодар облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.
«Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 740 Жарлығымен енгізілген Батыс Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Парақшамызға жазылыңыз