Қордың Басқармасы қызметкерлер санын 50 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Ақпарат “Самырұқ-Қазына” қорының ресми сайтында жариялады.
“Жаңа ұйымдық құрылым бекітілді. Оған сәйкес, Қор қызметкерлерінің саны екі есе, яғни, 248-ден 124-ке дейін; ал басқарушы қызметтер саны 10-нан 5-ке дейін қысқарады. Құрылымдық бөлімдер саны 27-ден 18-ге (33%) қысқартылды; «кеңесші» қызметтері жойылды. Қордың шетелдегі өкілдіктерін жабу туралы шешім қабылданды. Қордың жаңа ұйымдық құрылымы ресми веб-сайтта жарияланған”- делінген жазбада.
Парақшамызға жазылыңыз