“Самұрық-Қазына” АҚ Мемлекет басшысы тапсырмаларын іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарына сәйкес, жазған арыздарының негізінде қызметінен босатылған лауазымды тұлғалардың тізімін жариялады.
Кравченко Андрей Николаевич, Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі.
Манкеев Мұхтар Наурызбайұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару және әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директор.
Дурмагамбетов Ерлан Дмитриевич, «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі басқарушы директор.
Тажигалиев Мұхтар Өтепқалиұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару жөніндегі тең-басқарушы директор.
Есполов Бектенбай Тлектесұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғам және Үкіметпен байланыс жөніндегі серіктес басқарушы директоры.
Тусупбеков Жаннат Рашидұлы, «Біріккен химиялық компания» ЖШС Басқарма төрағасы.
Кожаков Қуат Асқарбекұлы, «Samruk-Kazyna Trust» КҚ Бас директоры.
Парақшамызға жазылыңыз