Алматыда полиция қызметкерлері терроризмге қарсы операцияға байланысты кейбір көшені жауып тастады.
Терроризмге қарсы операция жүргізілуіне байланысты 19 қаңтарда мына учаскелерде жол қозғалысы уақытша тоқтатылады:
Абылай хан даңғылы бойынша Мақатаев көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін, солтүстік және оңтүстік бағыттарда;
Төле би көшесі бойымен Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін, шығыс және батыс бағытта;
” Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды, қозғалыс бағытын алдын ала түзетуді және жол ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұраймыз”, – деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Дереккөз: Тенгриньюс кз
Сурет: дереккөз
Парақшамызға жазылыңыз