Сенатор Мұрат Бақтиярұлы еліміздің Премьер-Министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында Қазақстанда кедейлік пен жұмыссыздық деңгейін есептеу кезінде ашықтық пен әділдік қағидаттарын енгізу қажеттігі туралы мәселені көтерді. Ол туралы @senate_kz инстаграм парақшасында хабарлады.
Сенатордың айтуынша, қазіргі көзқарас пен мұндай статистиканың нәтижелері сенімді емес.
Депутат сонымен қатар мемлекеттік органдардың Үкіметтің депутаттық сауалдарға жауап беруге деген көзқарасын сынға алды.
«Сенаттағы әріптестер тарапынан қоғамда әр түрлі салаға қатысты депутаттық сауалдар Үкімет басшысына, Үкімет мүшелеріне жолданып жатады. Бірақ олардың берген жауаптары нақты емес екі ұшты болып келеді. Сондықтан да депутаттық сауалдарға бір жапырақ қағазбен қайтаратын жауаптарды доғару керек. Депутат сауалына жан-жақты зерделеп жауап беруді жолға қойсаңыз деймін», – деді ол.
Мұрат Бақтиярұлы сондай-ақ Үкіметке заң жобаларын мемлекеттік тілде әрі жиі дайындауды ұсынды.
Парақшамызға жазылыңыз